Сіздер барлықтарыныз білесіздер өрт қандай жаман қасірет
келтіретінін. От үй мүлкін жояды, тұрғын үйлер жанып және бұзылады, қоғамдық
құрылыстар, адамдар зардап шегеді, дене күйдіруге үшырайды, жарақат алады,
кейбіреуі қаза табады.
Адамдардың қаза болуының басты себебі көмірқышқыл оксидімен (улы газбен) улану
болып табылады. Өрттердің шығу себебі әртүрлі: электр сымының қысқаша тұйықталуы,
жедің шамадан тыс жүктелуі, газды, жылыту пештерін дұрыс қолданбау. Өрттер табиғи
және авария салдарынан болуы мүмкін, бірақ өрттердің көп бөлігі адамның байқаусыздығынан
немесе дұрыс мән бермеу себебінен болады (өрт қауіпсіздік ережелері сақтамау, төсекте
темекі шегіп жатып ұйқыға кету, лақтырылған темекі қалдықтары, балалардың отпен
ойнауы және т.б.)
Өрт болған кезде қалай іс-қимыл
жасау керектігін барлық адамдар білулері керек. Өрт шыққан кезде және сол кезде
өзіңізді-өзің ұстап, тез арада жағдайды байқау және дұрыс шешім қабылдау керек.
Осы жағдайда өзінді және сені қоршаған ортадағы үрейді болдымау керек. Өрт
болған кезде өртсөндіргіштерді қолдану, отты су арқылы сөндіру, құммен,
кішігірім ошақарды қалың жапқыштармен бұқтырып тастау керек.
Өртпен күресу кезінде және зардап шеккендерге көмек көрсету кезінде есте сақтаныз,
сізге ауаның жоғары температурасы, түтін, улы газдың таралуы, ғимараттың құлауы
аса қаупті болып табылады. Есте сақтаныз: егер де заттар 10 метр қашықтықта көрінбесе,
түтін жиналуы өмірге өте қауіпті.
Өртті сөндіру кезінде ең бастысы өрттің таралуын тоқтату, ал содан соң қатты
жанып жатқан от ошақтарын сөндіру керек. Сол кезде суды от жалына емес, жанып
жатқан бетіне шашу керек. Егер тігінен жатқан жағы жанып жатса, онда үстінен
астына қарай су шашу керек. Түтін басқан бөлмедегі өртті суды шашыратып сөндіру
қажет, өйткені ол түтінді басып температураны басады.
Егер де үйде (пәтерде) кішкентай
болсын от ошағы шықса, су құйып немесе суланған ауыр матамен жабыныз.
Жанып жатқан киім жабылған матамен сөндіріледі және де от көзін жою үшін жерге
жатағалып домалау керек.
Жанғыш сұйықтықтарды көбік аралас құраммен сөндіру керек, құм немесе жер төгіп
сөндіруге және ауыр матамен бұқтырып сөндіруге, бірақ ешқашан жанғыш сұйықты
сумен сөндіруге болмайды.
Егер де электр сымдары жана бастаса, тез арада оны тоқ көзінен айыру керек.
Электр сымын улықышқылы бар өрт сөндіргіштермен сөндіру керек, УӨ-5 немесе УӨ-10
(улықышқылы бар өрт сөндіргіші).
Егер де теледидар жанса, оны тез арада жүйеден алып тастау керек, содан кейін
артқы қабырғаларынан су құйып сөндіру керек. Егер де теледидар жанында перде
немесе басқа да тез тұтанатын заттар тұрса теледидар үстіне шүберек жабу керек,
содан кейін ғана су әкелуге немесе үй ішіндегі өрт сөндіргішті алып келу керек.
Егер кинескопы жарылса, оның улы түтіні өте қауіпті, сол себепті тез арада отты
бағындыру керек және басқаларға хабар беру керек, балаларды тез арада сыртқа шығарған
абзал.
Егер өрт пәтерде орын алса:
-101 телефонына қонырау соғып, дұрыс
мекенжайды және не жанып жатқаны туралы толық ақпарат беру;
- қарттар мен балаларды сыртқа шығару;
- содан кейін ғана өртті өз күшінізбен сөндіру қажет.
Өрттердің
көбі тәжірибе көрсеткендей «адами фактор» себебі бойынша болады. Тұрмыстағы өрттердің
негізгі себептері мыналар болып табылады: от жаққанда сақтық жасамау, өрт қауіпсіздігі
ережелерін білмеу және қадағаламау, тұрмыстағы электрлік және бөлмені жылытатын
приборлары дұрыс пайдаланбау, балалардың отпен ойнауы, балалардың үлкендердің қарауынсыз
қалуы.
Өрт қауіпсіздігі талаптарын
орындамау қайғылы оқиғаларға - өртке, газбалондардың жарылуына және басқа да төтенше
жағдайларға әкеп соғады, оның салдарынан адамдар қаза болып жатады. Адам өлімінің
негізгі себептері: жанғыш заттардың тұтануы, газдан улану, жоғарғы температура
(әр түрлі деңгейдегі күйікке шалдығулар) болып табылады.
Тұрғын үй секторында азаматтармен өртке жол бермеу үшін келесі қарапайым
ережелерді сақтаған жөн:
- тек қана отқа төзімдігі күшті кірпіші бар пешті жағу керек, пеш алдындағы
еденге темір қағылуы тиіс;
- жағып жылыту кезеңінде мұржаның күлін тазарту, әрбір 3 ай сайын тексеріп
отыру керек;
- шатырдағы барлық түтін жолдары мен трубаны тексеріп отыру қажет, бұл жұмыс мұржа
жарықтарын, өрт алуын жедел табуға көмектеседі;
- жағып жылыту пештері мен мұржаларды бақылап, қажеттілік туғанда жөндеу жүргізген
абзал;
- пешті лапылдап жанатын сұйықтармен тұтатудан аулақ болған жөн (бензинмен,
керосинмен);
- пешті қараусыз қалдырып, оны қадағалауды жас балаларға тапсырған дұрыс емес.
Егер үйіңізде электр арқылы бөлмені жылытатын құралды
пайдалансаңыз, онда оны орнату мен пайдалану ережелерін білгеніңіз жөн:
- электр арқылы бөлмені жылытатын құралдың корпусы ақаусыз және қыздыру
элементінің қоршаланған конструкциясымен болуы тиіс;
- үйді жылытатын құралдардың ток көзін көп айналдыратынын, және үйдің электр
желісіне күш түсіретінін есте сақтаған жөн. Изоляцияның жанған иісінің пайда
болуы, электр сымдары мен розеткаларының қатты қызуы, электр шотындағы сақтандырғыштың
жиі-жиі сөніп қалуы немесе күйіп кетуі – үйдегі электр желісіне ауыртпалықтың көп
түскендігінің бірінші сипаты және бөлмені электрмен жылыту құбырын пайдалану өте
қауіпті болады;
- бөлмені электрмен жылыту құбыры құлап қалатын жерде болмауы керек және шығарған
зауыттың талаптарына сәйкес болуы тиіс;
- бөлмені электрмен жылыту құбырын жанғыш материалдармен жабуға, оның үстінде
киім-кешек кептіруге, оны жанғыш заттарға жақын орналастыруға болмайды;
- үйде балалар мен үй жануарлары болғанда бөлмені электрмен жылыту құбырын қараусыз
қалдырмау керек, оны электр розеткасынан ағытуды ұмытпаңыздар.
Тек қана осы ережелерді қатаң қадағалау Сізге және Сіздің жақындарыңызға өмірі
мен денсаулығын сақтап қалуға, дүние-мүлікті, үй жануарларын аман алып қалуға
септігін тигізеді.
Өрт қауіпсіздігі
ережесі
ҮЙДЕГІ ӨРТ
Егер өрт қатты жанып тұрса, онда сіздің негізгі мақсатыңыз тез үйден кету.
101-ге хабарласып өрт сөндірушілерді шақырту. Егер өрт қатты жанып тұрмаса да,
бірақ үйдің іші қатты түтін болса, үйден тез кету керек. Түтін өрттен де қауіпті
болады.
Сіздің әрекетіңіз:
1. Түтіннің
исін сезгеннен кейін үйден тез кетіңіз. Кез келген шүберекті сулап ауызыңыз бен
мұрынды жабыңыз сосын енкейіп (өйткені түтін жоғарыға ұмтылады) бөлмеден кетіңіз.
2. Егер
өрт кішкентай бөлмеде болса, онда есіктер мен терезелерді ашпаңыз, ауа өртті күшейтіп
жібереді.
3. Жанып
жатқан үйден лифтпен түспеңіз, өйткені ол қатты өрт болып жатқан қабатта тоқтап
ашылу мүмкін және содан бәрі жарақат алады. Ток кез келген уақытта сөніп қалу мүмкін
және лифт этаждардың арасында қалу мүмкін.
4. Егер
коридор және площадка өртте және түтінде (төмен түсуге жол жабық) болса, онда
шатырға көтеріліңіз.
5. Егер
өрт коридорда болса, есікті қатты жауып, сұйық шүберектермен ашық жерлерді
жауып, есікке көрпе не пальто іліңіз. Терезені ашып қатты дауыс беріп көмекке
шақырыңыз.
6. Егер
сізге біреуді өрттен кұтқару керек болса, онда өзіңді арқанмен орап бір шетін
далада тұрған адамға беріңіз. Егер сіз есіңізді жоғалсаңыз, онда сізді арқаннан
тартып өрттен алып шыға алады. Ауызымен мұрынды ылғал шүберекпен жабыңыз.
7. Егер
құтқарған адам түтінмен демалып есін жоғалтса, онда оған жасанды дем беріңіз.
Түтінмен
уланудың алғашқы белгілері: бастың айналуы, бас ауыруы,
жиі дем
алу, жүрек айналуы, сананы жоғалту.
ЕГЕР ӨРТ ҚАТТЫ
ЖАНЫП ТҰРМАСА.
Сіздің әрекетіңіз:
1. Өртті
бір затпен (көрпе, пальтомен) үстінен жаба салыңыз. Содан кейін үстінен су кұйыңыз.
2. Түтінмен
демалмауға тырысыңыз. Мұрынды және ауызды ылғал шүберекпен орап қойыңыз.
3. Өрттен
жанып тұрған заттарды алмаңыз, өйткені ол өрттің таралудың себепкері болады.
4. Өртті
шетінен бастап ортаға қарай сөндіру керек.
ЖИҺАЗ ЖАНУЫ
Казіргі жиһаз синтетикалық материалдардан жасалынады және синтетикалық смоламен
сіңірген, сондықтан бұл жиһаз жанған жағдайда қауіпті болады.
Сіздің әрекетіңіз:
Жанып жатқан жиһазды балконға шығармаңыз, өйткені ауа одан да қатты оны
жандырып жібереді.
Егер жиһаз қатты жанып тұрса, оны ылғал шүберекпен жаппаңыз немесе сумен төкпеңіз.
Мұндай жағдайда пәтерден тез шығуыңыз керек.
АДАМ ҮСТІНДЕГІ
КИІМНІҢ ЖАНЫП КЕТУІ
Сіздің әрекетіңіз:
Адамды тез ғана жерге жатқызыңыз (бұл өрттің адамның басына баруына жол
жабады), үстіне су кұйып немесе курткамен, пальтомен жабыңыз.
Cуда жүзу тәртібі
СУДА / ЖАҒАДАН АЛЫС
ЖӘНЕ ТЕРЕҢДЕ ЖҮЗУ
Егер сіз
жақсы жүзу білсеңіз ғана жағадан алыс жүзуге болады.
Суық
суда (судороги) бұлшық еттің тартылуы пайда болу мүмкін.
1. Бұлшық
еттің тартылуын сезсеңіз бірден тоқтап арқаға бұрылып суға жатыңыз.
2. Егер
тартылу санның алдыңғы жақ бұлшық етті тартылып кетсе, аяқты және аяқтың саусақтарын
түзеңіз.
3. Егер
тартылулар өте қатты болса және аяқтарыңыз түзелмесе, онда оны қолдың көмегімен
істеп көріңіз.
4. Бұлшық
еттерді уқалаңыз. Содан кейін тағыда аяғыңызды тартып көріңіз.
5. Егер
тартылулар тоқтаса, онда кішкене демалып басқа стильмен жағаға жүзіңіз.
Суда
көп уақыт өткізу сізді шаршатуы мүмкін.
1. Шаршағанды
немесе тоңғанды сезсеңіз, тез бұрылыңыз және жағаға қарай жүзіңіз.
2. Өз
күшіңізді сақтаңыз. Мезгіл сайын арқаға жатып демалыңыз. Қатты тоңып қалмау үшін
демалуды тым созбаңыз.
3. Егер
сіз жағаға өз күшіңізбен жететіндігіңізге сенбесеңіз, онда арқаға жатып, басқа
адамдардың зейінін аударту үшін қолыңды жоғары көтеріп шайқаңыз.
СУДА / ЕГЕР СІЗДІ ҚАТТЫ
СУ АҒЫМЫ АЛЫП КЕТСЕ
Сіздің
іс-әрекетіңіз:
1. Күшіңізді
бекерге шығарып, су ағымымен күреспеңіз.
2. Су
ағымымен диагональ бойынша жүзе отырып, ең жақын жағаға қарай жүзіңіз.
СУДА / ЕГЕР БАЛДЫРЛАРДА ОРАЛЫП ҚАЛСАҢЫЗ
Сіздің
іс-әрекетіңіз:
1. Балдырлар
жүзуге кедергіні жасап жабысқанын сезсеңіз, тоқтамаңыз және бір орында тұрмаңыз,
әйтпесе сіз одан да қатты балдырларға шатасып қаласыз.
2. Екі
аяқпен қатты итеріңіз, босануға ұмтылыңыз.
3. Бұл
көмектеспесе, бір аяқпен екінші аяқтағы балдырларды алып тастаңыз.
4. Судың
астына қарай сіңбеңіз, әйтпесе балдырлар мойныңызды орайды.
5. Балдырлардан
құтылған соң, қауіпті жерден аяқтарыңызбен ақырын сермей жүзіп кетіңіз.
СУДА / ЕГЕР СІЗ СУҒА
ҚҰЛАСАҢЫЗ
Сіздің
іс-әрекетіңіз:
1. Дем
алуды тоқтаңыз және саусақтармен мұрныңызды жабыңыз.
2. Жаға
жақын болса аяқпен судың түбін тауып көріңіз.
3. Егер
су терең болса, онда артық ауыр заттардан құтылыңыз. Ол сізді судың астына алып
кетуі мүмкін.
4. Егер
сіздің аяғыңызда резеңке етіктер болса, оны тастамаңыз және қонышымен төмен қойып
ауадан жасалған жастықшалар ретінде пайдалануға болады. Олай жасау сізге судың
бетінде болуға ыңғайлы болады.
5. Ең
жақын жағаға су ағымына диагональмен жүзіңіз.
СУДА / ЕГЕР СІЗ
СУДА ЖҮЗУ БІЛМЕЙ СУҒА ҚҰЛАСАҢЫЗ
Егер
сіз жүзу білмесеңіз, көмек келгенше судың бетінде көбірек болуға ұмтылыңыз.
1. Суға
бетімен төмен жатып, аяқты және қолды кең жазып ақырың және терең дем алуға ұмтылыңыз.
2. Судың
бетіңде көбірек қалудың басқа әдісі бар. Аяқпен педальдарды бұрағандай жүзіңіз.
Қолмен суды ұрыңыз. Олай жасап күшті суға түсіресіз және де тепе-теңдікті сақтаңыз.
3. Тағыда
бір әдіс бар: вертикальды күйде екі аяқты бірдей бүгіп жан жаққа итеріңіз және
тез түзу қылыңыз.
СУДА / СУҒА БАТҚАНҒА
КӨМЕКТЕСУ
Адамның
батқанын қалай білесіз:
Суға
батып бара жатқан адамның денесі суда тік тұрады, басы толқында бірде көрінеді,
бірде көрінбейді.
Сіздің
іс-әрекетіңіз:
1. Егер
сізде қайық бар болса батып бара жатқан адамға жүзіп, оны қайыққа көтеріңіз.
Байқаңыз, қайық аударылып қалуы мүмкін.
2. Егер
қайық жоқ болса, онда жүзіп батып бара жатқан адамға жетіңіз.
3. Батып
бара жатқан адамға жеткен соң, оған артынан иық жағынан ұстаңыз. Әйтпесе ол
сізді ұстап алуы мүмкін және сіз бірге батып кеу қаупі туындайды.
4. Егер
батып бара жатқан адам сізді ұстап жібермесе, онда оны бір қолымен жағынан ұстап
өзіңе қарай тартыңыз. Оның басы сіздің басымен қатар беті жоғары болу керек.
5. Жағаға
қарай қырмен немесе арқада жүзіңіз.
6. Егер
батып жатқан адам есін жоғалтқан болса, оны жағаға қарай жүзгенде жағынан ұстап,
беті судан жоғары болуын қадағалаңыз.
Жол
қозғалысы ережесі
ЖАЯУ ЖҮГІНШІЛЕРДІҢ
МІНДЕТТЕРІ
Жаяу жүргіншілер тротуармен немесе жаяу жүгішілерге арналған жолдармен, ал олар
болмаған жағдайда, жолды жағалай қозғалуы тиіс.
Көлемі үлкен заттарды көтеріп немесе алып келе жатқан жаяу жүргіншілер,
сондай-ақ двигателі жоқ мүгедектер арбасымен келе жатқан адамдар, егер олар
тротуармен немесе жолды жағалай жүргенде басқа жаяу жүргіншілер үшін кедергі
келтіретін болса, жолдың жүргін бөлігінің жиегімен ( көлік жүретін бөліктің
ішкі шетін бойлай-бөлу жол жолақтары бар жолдарда) қозғалуына болады.
Тротуарлар, жаяу жүргіншілерге арналған жол немесе жолдың жағалауы болмағанда,
сондай-ақ олармен қозғалу мүмкін болмаған жағдайда, жаяу жүргіншілер велосипед
жолымен немесе көлік жүретін бөліктің шетімен ( көлік жүретін бөліктің ішкі
шетін бойлай-бөлу жол жолақтары бар жолдарда) бір қатарда қозғалуларына
болады.
Елді мекендерден тыс жерлерде жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлігімен қозғалған
кезде көлік құралдарының қозғалысына қарсы бағытта жүруі тиіс.
Көлік жүретін бөліктің шетімен двигателі жоқ мүгедектер арбасында келе жатқан,
мотоцикл, мопед, велосипед жүргізуші адамдар көлік құралдары қозғалысының бағытында,
жолдың оң жағымен жүруі тиіс.
Көлік жүретін бөлікпен қозғалатын ұйымдасқан жаяу жүргіншілер колоннасына көлік
құралдарының қозғалысы бағытында оң жақпен, қатарда төрт адамнан артық емес, қозғалуға
рұқсат етіледі. Колоннаның алдынан және артынан сол жағымен қызыл жалауша ұстаған
жүруші, тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну жағдайында- алдында
ақ түсті, артта қызыл түсті жағулы фонарьмен жүруі тиіс.
Балалар тобын тек қана тротуармен және жаяуларға арналған жолмен, ал олар жоқ
болған жағдайда - жол жағасымен, бірақ тәуліктің жарық уақытында және
ерексектердің бастауымен алып жүруге рұқсат
етіледі.
Жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлікті жаяу жүргіншілерге арналған, оның
ішінде жерасты және жерүсті өтпелерінен, ал олар болмағанда - қиылыстардан
тротуарлар мен жол жағалауы сызығы бойымен кесіп өтуі
тиіс.
Көру аймағында
өтпе немесе жол қиылысы болмағанда көлік жүретін бөліктің шетіне,
екі жақтан да жақсы көрінетін жерден тік бұрыш жасап жолды кесіп өтуге
болады. Көлік жүретін бөлікті елді мекенде бөлу жол жолағы болған кезде,
сондай-ақ жаяу жүргіншілерге немесе жол қоршаулары орнатылған жерлерде
кесіп өтуге тыйым
салынады.
Қозғалыс реттеліп тұратын жерлерде, жаяу жүргінші, реттеушінің сигналын, ал ол
болмағанда – көлік бағдаршамын басшылыққа
алады.
Реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпелерінен, жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөліке
жақындап қалған көлік құралымен арақашықтықты, оның жылдамдығын бағалап және
кесіп өту олар үшін қауіпсіз екендігіне көз жеткізгеннен кейін шығуына болады.
Көлік жүретін бөлікті жаяу жүргіншіге арналған өтпеден тыс жерлерден кесіп өтү кезінде
жаяу жүргіншілер, бұдан басқа көлік құралдары үшін кедергі келтірмеүі
және жақындап қалған көлік құралының үшін кедергі келтірмеуі және жақындап қалған
көлік құралының жоқтығына көз жеткізбейінше тоқтап тұрған көлік құралының
немесе көрінуді шектейтін өзге кедергінің тасасынан шықпауы тиіс.
Көлік
жүретін бөлікке шыққаннан кейін жаяу ж.ргінші, егер бұл, қозғалыс қауіпсіздігін
қамтамасыз етумен байланысты болмаса, кідірмеуі немесе аялдамауы тиіс. Жолды
кесіп өтуге үлгермеген жаяу жүргінші қарама-қарсы бағыттағы көлік легін бөлетін
сызықта аялдауы керек. Әрі қарай қозғалыстың қауіпсізекендігіне көз
жеткізгеннен кейін реттеушінің сигналын ескеріп, жолдан өтуді жалғастыруға
болады.
Жарқылдайтын көк маягі бар және арнайы дыбыс сигналы іске қосулы көлік құралы
жақындаған кезде жаяу жүргіншілер жолдан өтпей тұра тұрады, ал жол үстіндегілер
осы көлік құралдарына жол беруі және мүмкіндігіне қарай көлік жүретін бөлікті
босатуы тиіс.
Маршруттық көлік құралы мен таксиді көлік жүретін бөлікке қарағанда биігірек тұрған
отырғызу аоаңдарында, ал жоқ болған жағдайда – тротуарда немесе жол жағасында тұрып
күтуге рұқсат етіледі. Биігірек отырғызу алаңдарымен жабдықталмаған аялдама
пунктерінде көлік құралына отыру үшін көлік кідірместен босату керек.
Ата-аналарға
Сіздің балаңыздың қауіпсіздігі
үшін
Қылмыстың бір түрі – балаға зорлық көрсету. Озбырлық,
зорлық-зомбылық көрсету, жаман қарау, ауыр физикалық және психологиялық зақым көрсету
деректері күн сайын газет беттерінде жиі кездесіп тұрады.
Қауіп-қатер
азайту, балаларды зейінділікке, сақтыққа, қауіпті жағдайлардың алдын алуға үйрету
керек, ондай жағдайларды олар дала немесе үйде де кездестіруі мүмкін. Көп жағдайда
милицияға ол туралы хабарлай алмайды, себебі білместік немесе қорқыныш сезім, үрей
билейді. Сондықтан да балаға мынаны түсіндірген жөн:
-
Үйде жалғыз болғанда, бөтен адамдарды үйге кіргізбеу керек;
-
Бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде бөтен адамдардан тәтті,
сыйлықтар алмау керектігін үйрету қажет;
-
Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін саябақтар мен стадиондардан аулақ
жүруге үйрету.
Ал
ата-аналарға осыған жауап:
- Балаға
сеніңіз, сонда ол сізге барлық шындығын айтуды үйренеді;
- Дұрыс
тәрбие балаға болашаққа деген сеніммен қарауға және қауіп-қатерді тез білуге үйретеді;
- Тәрбиеші
мен репетиторды жалдағанда өте мұқият болған жөн, себебі сіз балаңызды басқа
адамның тәрбиесіне бергелі отырсыз;
- Егер
сіз балаға қатыгездікпен қарау жағдайларын естігін болсаңыз немесе көрген болсаңыз
бірден білікті билік органдарына хабарлаңыз.