«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтер көрсетеді
Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар: Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондайақ «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ақпараттандыру мақсатында «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сайтында электрондық мекен –жайы: shortandy_roo@mail.ru және ақпараттық стендтерде, әлеуметтік желілірде жарияланады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөнінде сұрақтарыңыз болса мына телефонға: 3-51-70 хабарласуларыңызға болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі:
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін
қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесі бойынша демалыс және
мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі- жұма аралығында сағат 13.00 –
ден 14.30 –ге дейін түскі үзіліспен сағат 09.00- ден 18.30 –ге дейін
жүргізіледі.