«Ақмола облысы білім басқармасының «Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» ММ келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірі № 158 Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы«Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі төмендегідей:
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: кезекке қою туралы хабарлама (еркін нысанда) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар: Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ақпараттандыру мақсатында «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сайтында электрондық мекен –жайы: shortandy_roo@mail.ru және ақпараттық стендтерде, әлеуметтік желілірде жарияланады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөнінде сұрақтарыңыз болса мына телефонға: 3-51-70 хабарласуларыңызға болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі:Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесі бойынша демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі- жұма аралығында сағат 13.00 –ден 14.30 –ге дейін түскі үзіліспен сағат 09.00- ден 18.30-ге дейін жүргізіледі.