Педагог-психологтар секциясының жұмыс кеңесі өтті
11 қыркүйек күні Шортанды №3 жалпы орта білім беретін мектептің базасында педагог-психологтардың аудандық әдістемелік бірлестігі жұмыс кеңесі өтті. Аталмыш жұмыс кеңесіне аудан мектептері мен мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің педагог-психологтары қатысты.
Кеңес барысында қатысушыларға әдістемелік және тәжірибеге бағытталған құнды ақпараттар ұсынылды. Аудандық әдістемелік бірлестік жетекшісі, Бектау ауылының жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы А.Тулебаева білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметін нормативтік-құқықтық қамтасыз ету жөнінде ақпарат жасап, жаңа оқу жылына жоспарымен бөлісті.
Пригородный ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-психологы М.Ли авторлық бағдарламалар тәжірбиесі және оны енгізу жөнінде зерттеу жұмыстарымен таныстырды.
«Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» ММ әдіскері А.Кулекина инклюзивті білім беру жағдайында психологиялық қызметті ұйымдастыру бойынша ақпарат жасап, оның барысында қатысушылар өзара пікір алмасты. Әдістемелік бірлестіктің жұмыс кеңесі мазмұнды өтіп, практикалық тәжірибе алмасуға, психолог жұмысының ерекшеліктерін талқылауға мүмкіндік берді