«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау

«Ақмола облысы білім басқармасының «Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» ММ келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

«Мемлекеттік көрсетілетін  қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы  білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірі № 158 Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетеді.

«Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» қызметін онлайн алу үшін:

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Мемлекеттік қызметті алу үшін  қажетті құжаттар тізбесі төмендегідей:

  1. Қабылдауға арналған жолдама (берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жарамды);
  2. Ата-анасының немесе заңды өкілдерінің бірінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
  3. Баланың тууын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
  4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген) бекітілген "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықта қарастырылған нысан бойынша баланың денсаулық паспорты;
  5. Баланың денсаулығы туралы анықтама;
  6. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін).

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: мектепке дейінгі ұйым мен баланың ата-анасының бірі немесе заңды өкілі арасында жасалған шартнегізінде баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

 

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін  ескере отырып қойылатын өзге де талаптар: Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондайақ «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ақпараттандыру мақсатында «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сайтында электрондық мекен –жайы: shortandy_roo@mail.ru және ақпараттық стендтерде, әлеуметтік желілірде жарияланады. Мемлекеттік  қызмет көрсету мәселесі жөнінде сұрақтарыңыз болса мына телефонға: 3-51-70 хабарласуларыңызға болады.

Көрсетілетін қызметті берушінің  жұмыс кестесі:Қазақстан Республикасының  еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесі бойынша демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі- жұма аралығында сағат 13.00 –ден 14.30 –ге дейін  түскі үзіліспен сағат 09.00- ден 18.30-ге дейін жүргізіледі.

Жаңартылған күні: 03.05.2024 16:59
Құрылған күні: 03.05.2024 16:59

Текст