«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды тегін тамақпен қамтамасыз ету

    «Ақмола облысының білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» ММ халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларды (ХӘОТ) Шортанды ауданының мектепке дейінгі ұйымдарында тегін тамақпен қамтамасыз етуге қатысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 шілдедегі №523 қаулысымен «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 Қаулысына көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды тегін тамақпен қамтамасыз ету бөлігінде өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.

      Жаңа редакцияға сәйкес, тамақтануға кеткен шығындар келесі санаттағы балаларға өтеледі:

-жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

-мүгедектігі бар балалар;

-атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар;

-атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен көпбалалы отбасылардан шыққан балалар;

    Әлеуметтік көмек алу алгоритмі осы қаулының 6-тармағында сипатталған. Жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан тәрбиеленушілерді тегін тамақтандыру жөніндегі тізімге енгізу туралы шешімді мектепке дейінгі ұйымының алқалы органы жүзеге асырады.

    Осыған орай «Ақмола облысының білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» ММ басшысы Н.Н. Шахметов ауданның мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларымен   тегін тамақпен қамтамасыз етілетін көпбалалы отбасылардан шыққан тәрбиеленушілердің тізімдерін түзету бойынша іс-шараларды   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 Қаулысына енгізілген өзгерістерді   ескере отырып жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді.


Текст