Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық пен нұр себетін, аяулы тұлға – ұстаз. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін қос ұғым болса, соның бірі – Ұстаз екені сөзсіз.
Ағымдағы жылдың 2 қазан күні Ұстаздар күніне орай «Ұстазға – мың алғыс!» атты аудандық мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға Шортанды ауданының әкімі Шабаров Сағындық Серікбайұлы қатысып, ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ, ол бірқатар мұғалімдерді ҚР Оқу-ағарту министрінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен, Ақмола облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен, аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатымен марапаттады. Мерекелік кешке ардагер ұстаздар да шақырылды. Солардың бірі – Кизаева Тукен Дамековна өз лебізін білдіріп, жас ұстаздарға жылы тілегін арнады.
Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Шахметов Нұркен Нұржанович те ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, сала қызметкерлеріне Білім қызметкерлерінің салалық кәсіптікодағының Астана қаласы мен Ақмола облыстық ұйымының Құрмет грамотасын, сондай-ақ білім бөлімі басшысының Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыстады.
Барша ұстаздар қауымын шын жүректен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз, ұрпақ тәрбиесіне қосқан өлшеусіз үлестеріңіз әрдайым ел жадында сақталады.