Волейбол

2026 жылғы 6 қарашада №2 және №3 жалпы білім беретін мектептердің базасында Ұлттық мектеп лигасы аясында 7–8 сынып оқушылары арасында қыздар арасындағы волейболдан аудандық жарыстар өтті.

Жарысқа Шортанды ауданының 15 мектебінен командалар қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

 І орын – Бектау ауылының жалпы білім беретін мектебі;

ІІ орын – Бозайғыр ауылының жалпы білім беретін мектебі;

ІІІ орын – Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды.

Барлық қатысушыларға алдағы уақытта толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!