2025 жылғы
мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп
Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі көрсетеді.Заңды мекенжайы: Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті, 50 лет Октябрь көшесі, 91 үй.
Шортанды ауданында білім беру саласында 28 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
2025 жылы білім бөлімінде және ведомстволық бағынысты ұйымдарында 5341 мемлекеттік қызметтер көрсеттілді.
Оның ішінде:
- электрондық үкімет порталы арқылы-1762 мемлекеттік қызмет;
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы-9 мемлекеттік қызмет;
- көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы-2158 мемлекеттік қызмет;
- электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы-1412 мемлекеттік қызмет.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тарту электрондық форматта 43 өтінім бойынша ұсынылды.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
Білім беру саласында неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер:
- «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;
- «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау»;
- «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»;
- «Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою»;
- «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау».
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
1) Ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат білім бөлімінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған
https://shortandy.aqmoedu.gov.kz/news/index/type-3мемлекеттік қызмет көрсету ережелері жарияланған «мемлекеттік қызметтер» бөлімінде.
Сондай-ақ барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарда ресми интернет-ресурстар мен ақпараттық стенділерде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
2) Ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар
2025 жылы білім бөлімі және ведомстволық бағынысты ұйымдар 41 түсіндіру іс-шарасын өткізді, оның ішінде ресми интернет-беттердегі 28 жарияланым және 8 семинар-кеңес.
Ай сайын халықты БАҚ және көрсетілетін қызметті берушілердің интернет-ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету жүргізіледі.
2025 жылы 56 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
2025 жылдың кезеңінде білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуге шағымдар түскен жоқ.
Ішкі мемлекеттік бақылау Бақылау іс-шаралары және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының мониторингі нысанында жүзеге асырылады.
Бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес 2025 жылы Шортанды ауданының білім беру ұйымдарында 5 бақылау іс-шарасы өткізілді.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.
2025 жылғы қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша Шортанды ауданы бойынша ескертулер жоқ.
Көрсетілетін қызметті алушылардың тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру мақсатында мынадай міндеттер қойылды:
- Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау;
- Мемлекеттік қызмет көрсету ережелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- электрондық үкімет порталы арқылы өтініштер үлесін ұлғайту;
- қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
- Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу.