«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі мобильді топ жұмысының 2025-2026 оқу жылының 1-жартыжылдығында атқарылған жұмыстар

Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің

мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі мобильді топ жұмысының

2025-2026 оқу жылының 1-жартыжылдығында  атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

 

    Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинеті  жанында мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі мобильді топ ұйымдастырылған.   Мобильді топтың жұмысының жоспарына енгізілген іс-шаралардың мақсаты қазіргі кезде мектепке дейінгі білім берудің сұранысына негізделген тақырыптарды таңдау болып табылады.

   Осыған орай мобильді топ 2025 жылының қыркүйек айынан бастап келесідей іс-шаралар атқарды:

  • Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Дамса ауылының «Балауса» бөбекжайы,  Новокубанка ауылының «Гүлдер» бөбекжайы,  Бозайғыр ауылының «Бөбек» балабақшасында мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің біліктілігін арттыру, мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу-білім беру процесінің сапасын арттыру, тәрбиешілердің кәсіби дамуы мен олардың бір- бірімен тәжірибе алмасуы үшін жағдайлар жасау, мектепке дейінгі білім беруде бірыңғай білім беру кеңістігін құру мақсатында  педагогтарға арналған тренингтер өткізілді.
  • Шортанды кентінің №3 ЖОББМ жанындағы «Айналайын» шағын орталығында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыруға қолдау көрсету, педагогтердің кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында «Ойын арқылы оқыту- баланың дамуының негізі» тақырыбында семинар өткізіліп ауданның мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтары шеберлік сыныптарын көрсетті.
  • Дамса ауылының «Балауса» бөбекжайында -"Экологиялық тәрбие: балабақшадағы алғашқы қадамдар"  атты семинар өткізілді.

   Әр мектепке дейінгі ұйымдағы жобалар балаларды дамытудағы белгілі бір (танымдық, шығармашылық, экологиялық, ұлттық тәрбие, денсаулық сақтау т.б.) негізделеді. Осындай жобаларды әзірлеу және қолдану бойынша қысқаша, жүйелі нұсқаулық шаралары ұдайы жүргізіліп тұрады. Әр ұйымның жылдық жоспарына, балалардың жас ерекшелігі мен қызығушылығына сай бағыт таңдалды және төмендегі бағытта жобалар жүзеге асырылуда.
- «Экологиялық тәрбие», «Ұлттық құндылықтар», «Жасанды интеллект элементтері», «Тіл дамыту» , «Денсаулық сақтау».

   Әр мектепке дейінгі ұйым педагогтарының қолданыстағы жобаларын талқылау мақсатында 2026 жылдың қаңтар айында семинар-практикум жоспарланып отыр.
Семинар-практикумның негізгі мақсаты – педагогтардың жобалық қызметтегі тәжірибесін зерделеу, тиімді жобаларды анықтау, тәжірибе алмасу және жобаларды жетілдіру жолдарын қарастыру.

   Әр меншік түрлері мен нысанына, ведомстволық бағыныстылығына қарамастанмектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы білім беретін мектептердің мектепалды даярлық сыныптарының озат тәжірибесін жинақтау мен таратуға, оларға толық әдістемелік қолдау көрсетуге, нәтижесінде сапаны арттыру мақсатында кеңестер ұдайы ұйымдастырылып тұрады.


Текст