Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің ведомствоға бағынысты ұйымдарының педагогтерімен мектеп басшыларының кадрлық резервтегі үміткер Гулим Токатовна Батыргалиева «1000 Білім берудегі өзгерістің көшбасшылары» жобасы бойынша кездесу өткізді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Президенттік кадрлық резерв үлгісі ретінде мектеп басшыларының кадрлық резервін құру жобасында «1000 Білім берудегі өзгерістің көшбасшылары» жобасы іске асырылуда.
Жобаның мақсаты білім беру жүйесінің сапасын арттыру және басқарушы кадрлардың жаңа буынын қалыптастыру бұл қызметкерлердің одан әрі жоғарылауы мен ұйымдағы негізгі лауазымдарға тағайындалуы үшін әлеуетін анықтау мен дамытуға бағытталған қызметкерлерді даярлау.
Білім берудегі өзгеріс көшбасшыларын іріктеу бес кезең бойынша жүзеге асырылады. Ең алдымен құжаттардың сәйкестігі және психометриялық тестілеу өтеді. Тестілеуді өткен педагогтер үш деңгейлі оқуға (базалық, ілгері, кәсіби) жіберіледі. Барлық оқу кезеңдерінен сәтті аяқтаған қатысушылар еліміздің беделді оқу орындары (НЗМ, РФМШ, Біліи Инновация) тағылымдамаға жіберіледі.
Ең соңғы кезеңге өткен қатысушылар ҚР Оқу ағарту министрлігі өкілдерімен сұхбаттасуды өтеді. Сұхбаттасудан сәтті өткен педагогтер Республикалық кадрлық резервке енеді және сертификат беріледі. Кадрлық резерв сертификаты негізінде бірінші басшының бос лауазымдарына конкурстық рәсімдерден өтпей тағайындалады және «басшы -көшбасшы» біліктілік санаты беріледі.
Жоба 2023 жылдан бері жүзеге асырылуда. Биылғы жылы жобаның бастапқы кезеңіне» 13796 өтінім келіп түскен. Сұхбаттасу нәтижесі бойынша 376 үміткер республикалық кадрлық резервке енген. 2023 жылы кадр резервіне 201 педагог кірді.
Жобаның іске асуы «жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы салынып жатқан жаңа мектептерді даярланған басшылармен қамтамасыз ету, жаңа үлгідегі көшбасшылардың кадрлық резервін қалыптастыруға ықпал етеді.