Әдістемелік бірлестіктер жетекшілерінің аудандық семинары өтті

       17 қараша күні Шортанды кентіндегі №3 жалпы орта білім беретін мектеп базасында «Мектептегі әдістемелік қызметті басқаруда бірлестік жетекшілерінің рөлі» тақырыбында аудандық әдістемелік бірлестік жетекшілері үшін семинар өткізілді.

       Семинар барысында білім беру ұйымдарындағы әдістемелік жұмысты жетілдіру, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқу процесінде жаңа тәсілдер мен инновациялық әдістерді енгізу мәселелері талқыланды.

       Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, көтерілген өзекті тақырыптар бойынша ұсыныстар мен пікірлер білдірді.