«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілерімен жұмыс ұйымдастыру» тақырыбында аудандық семинар өтті

30.01.2025

         «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-нің әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспары негізінде  ауданның мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында өткізілетін семинарлар кестесіне сай 2025 жылдың 29-қаңтары күні   Шортанды ауданы Бозайғыр кентінің жекеменшік «Бөпе.kz» ЖШС-нің бөбекжайында мектепалды даярлық топтары балаларының танымдық белсенділігін арттыру, ой-өрісін, дүниетанымын, сөздік қорын кеңейту, қоршаған орта туралы түсініктерін жетілдіру, талпыныстарын, ынталарын арттыру мақсатында «Мектепке дейінгі мекеменің мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілерімен жұмыс ұйымдастыру» тақырыбында аудандық семинар  өтті. Семинарға «Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-не бағынысты барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтары қатысты.

         Семинарда балалардың қызығушылығы мен сыни ойлауын дамытуға бағытталған әр түрлі педагогикалық әдістер мен тәсілдерді пайдалана отырып, бөбекжай тәрбиешілері Бердіхан Тілекгүл математика негіздері бойынша «Құстар тобының санын тең екі бөлікке бөлу» тақырыбында «Бәйтерек» мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілерімен және  Саркина Асемгуль Уркеновна сауат ашу негіздері бойынша «Ғ» дыбысы» тақырыбында «Айдай» мектепалды даярлық тобының тәрбиешілерімен ұйымдастырылған іс-әрекет өткізді. Сонымен қатар қатысушылардың назарына бөбекжай тәрбиешілері дайындаған «Мен зерттеуші боламын» атты зерттеу іс-әрекеті, бүлдіршіндер дайындаған шағын концерт ұсынылды.

Просмотров: 136


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст