«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландырудың жаңа алгоритімі

10.10.2025

   

     2025 жылдың 09-қазанында «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 01/6467 хатына сәйкес Ақмола облысында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға ваучерлік қаржыландыруды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру жоспарына сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландырудың жаңа алгоритіміне көшуі бойынша «Ақмола облысының білім басқармасы» ММ басшысының орынбасары Назыкенова Ж.Д., білім басқармасының маманы Майбах А.Э., Ақмола облысының аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығының директоры Кадыров Б.А., Akmola.kz ақпараттық жүйесінінің кураторы Досмагамбетов А.М., Шортанды ауданы әкімінің орынбасары Ахметова Ш.Х., аудандық білім бөлімінің басшысы Шахметов Н.Н. қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.
     Балабақша меңгерушілері және толық күнді шағын орталықтары бар мектептер директорлары, ата-аналар комитетінің өкілдері қатысқан жиында 2025 жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі Т.Б. Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте облыс әкімдіктеріне аудандарда ваучерлік қаржыландыруға көшуді қамтамасыз ету бойынша берілген тапсырмасы орындау бойынша және «Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығының 3-Қосымшасын іске асыру жөніндегі мектепке дейінгі ұйымдардың ваучерлік қаржыландырудың жаңа алгоритміне көшу мәселелері талқыланып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Просмотров: 157


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст