«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025 жылдың 20 қазанында Шортанды кентінде орналасқан "Амина" жекеменшік бөбекжайы мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыруда жаңа қадам жасап, ECERS – мектепке дейінгі ұйымдарды бағалаудың халықаралық шкаласын енгізу арқылы сапалы балабақша моделінің тұсаукесерін өткізді.

22.10.2025

   

    

    

Шортанды кентінің  «Азденбаев Ж.Т.»  ЖК  "Амина" жекеменшік бөбекжайы: ECERS халықаралық сапа жүйесімен сапалы білімге жол

2025 жылдың 20 қазанында Шортанды кентінде орналасқан "Амина" жекеменшік бөбекжайы мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыруда жаңа қадам жасап, ECERS – мектепке дейінгі ұйымдарды бағалаудың халықаралық шкаласын енгізу арқылы сапалы балабақша моделінің тұсаукесерін өткізді. Аталған іс-шараға Шортанды ауданы әкімінің орынбасары Ш.Х. Ахметова, Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Н.Н. Шахметов, аудан әкімдігінің дербес бөлімдер басшылары, сонымен қатар ауданның жеке кәсіп өкілдері, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары қатысты.

         ECERS (Early Childhood Environment Rating Scale) – бұл мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын объективті бағалауға арналған халықаралық құрал. Бұл жүйе балабақшадағы білім беру процесін, тәрбиеші мен бала арасындағы қарым-қатынасты, орта мен жабдықталуды және ата-анамен байланысты кешенді түрде қамтиды.

Сапалы балабақша жобасының мақсаты - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде  заманауи жабдықталған материалдық базаны пайдалана отырып баланың дамуына ықпал ететін қолжетімді дамытушы орта құру,  бала мен педагог арасындағы сапалы қарым-қатынасты нығайту,  ата-ананың педагогпен бірлігін арттыру, баланың толыққанды дамуының кепілі болатын өміршең, заманауи және тиімді әдіс-тәсілдер жүйесін қалыптастыру.

"Амина" жекеменшік бөбекжайы сапалы мектепке дейінгі білім беру жүйесін қалыптастыру аясында, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыру бойынша тың серпін беретін қадам жасап отыр. ECERS жүйесі – бұл жай ғана бағалау емес, бұл – баланың болашағы үшін сапалы орта құруға бағытталған нақты әрі сенімді құрал. Бөбекжайдағы дамытушы ортадағы барлық құралдар -  кеңістік, тәрбие мен оқытуда пайдаланылатын  әртүрлі материалдар мен ойын алаңдары мектепке дейінгі білім беру ресурсы ретінде қолданылып қана қоймай, эстетикалық, патриоттық тәрбие беруге көзделген, сондай-ақ    әр баланың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жайлы дамытушы қауіпсіз білім беру ортасы болып қарастырылған.

Просмотров: 19


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст