Текст


«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-нің әдістемелік кабинетінің мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бойынша 2025-2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспары негізінде ауданның барлық, меншік түрі мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан (мемлекеттік және жекеменшік) мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтарына арналған "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа мазмұны: әдістемелік қолдау және тәжірибе алмасу" атты семинар-практикум циклдарын өткізу кестесіне сай 2025 жылғы 05-қарашада Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебінің жанындағы «Айналайын» шағын орталығында «Ойын арқылы оқыту- баланың дамуының негізі» тақырыбында семинар өтті.