24.11.2025


2025 жылғы 21–23 қараша күндері Жапонияның Токио қаласында өткен Киокушинкай-кан каратэден Әлем біріншілігі өз мәресіне жетті. Биылғы додаға әлемнің 40-тан астам мемлекетінен 500-ден жоғары спортшы қатысып, жоғары деңгейдегі тартысты сайыс болды.
Осы жарыста Қазақстан атынан барған Шортанды ауданы Жолымбет кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Шәкей Аружан 16–17 жас санатында ерекше өнер көрсетіп, өз қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, Әлем чемпионы атанды.
Спортшының халықаралық аренадағы бұл үлкен жеңісіне оның бапкері Саяхат Абдулла мырза жетекшілік еткен. Мектеп ұжымы мен жергілікті қауымдастық Аружанның жеңісін зор қуанышпен қабылдап, бұл жетістікті ел абыройын асқақтатқан айрықша оқиға ретінде бағалап отыр.
Шәкей Аружанның жеңісі — еліміздің жас спортшыларына үлгі боларлық үлкен табыс.