«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балаларға қосымша білім беру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру байқауы

18.12.2025

Хабарландыру

Шортанды  ауданының білім бөлімі балаларға арналған қосымша білім беру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын 7 бағытта орналастыру жөнінде байқау жариялайды.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына сәйкес «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бойынша кадрлар даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білімге және балалардың қосымша біліміне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облысы білім басқармасының «Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» ММ қосымша білім беру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды.

Қосымша білім беру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

Әлеуметтік-педагогикалық бағыт (журналистика, медиаорталықтар, дебат қозғалысы, волонтерлік қозғалыс, кәсіпкерліктің негіздері, сөз өнері, интеллектуалды ойындар клубы)- 34 ваучер ұсынылады, бір оқушыға жұмсалатын шығынның орташа құны 15 217 теңге. (ерекше білім беру қажеттіліктерімен - 15 800 тг.)

Жаратылыстану-математикалық бағыт (математикалық курстар)- 55 ваучер ұсынылады, бір оқушыға жұмсалатын шығынның орташа құны 15 217 теңге. (ерекше білім беру қажеттіліктерімен - 15 800 тг.)

Ғылыми-техникалық бағыт  (бастапқы техникалық модельдеу, авиямодельдеу; автомодельдеу; кеме модельдеу; ракеталық модельдеу; робототехника; ғарыштық бағыт; 3D-модельдеу; компьютерлік графика; машина жасау; ғарыштық радиобайланыс; радио техника; мотоцикл спорты; модельдеу; атудан спорт; инженерлік жобалаудың негіздері; робототехникалық және мехатрондық жүйелерді инженерлік жобалау негіздері; өнертабыс және рационализаторлық; радиоспорт; радиоэлектроника; конструирование; бағдарламалау; компьютерлік дизайн; кино және видео шығармашылық; желкенді спорт; электротехника; химия-техникалық бағдарламалау; LEGO-конструирование; спорттық радиомодельдеу; автокәсіптің негіздері; сәулет моделдеуі; сәулет құрылыстары технологиясы; телестудия; техникалық бағдарламалау; әскери техника моделдеуі; стендтік моделдеу; шағын көлемді су көлігін моделдеу; аэрокосмостық білім беру және моделдеу; ғарыштық ғылым; рендеринг – физикалық модельдің проекциясын жасау; ұшу-парашют дайындығы; квадроциклдер; қармұздық көліктер; столярлық іс; автослесарь; багги; физика және робототехника; робототехника: конструирование және бағдарламалау; халықтық қолөнер; жас құтқарушы; STEAM-лаборатория (СТЭМ-лаборатория); ООП бар балаларға конструирование; киберспорт; ұшқышсыз әуе аппараттары)-102 ваучер ұсынылады, бір оқушыға жұмсалатын шығынның орташа құны 15 217 теңге. (ерекше білім беру қажеттіліктерімен - 15 800 тг.)

Туристік-өлкетану бағыты (тау туризмі; су туризмі; жаяу туризм; тас тауға өрмелеу; спорттық бағдарлау; спелеотуризм; велотуризм; шаңғы туризмі; реабилитациялық туризм; экологиялық туризм; өлкетану; туристік лагерьлер; этнографиялық, ауылдық туризм; ғылыми туризм; гид-экскурсоводтар; географиялық өлкетану; тарихи өлкетану; экологиялық өлкетану; музейтану; ат спорты; жас тау құтқарушысы; іздеуші-құтқарушы; археология)-14 ваучер ұсынылады, бір оқушыға жұмсалатын шығынның орташа құны 15 217 теңге. (ерекше білім беру қажеттіліктерімен - 15 800 тг.)

Экологиялық-биологиялық бағыт (экология; орнитология; балық аулау; гүл шаруашылығы; флористика; зоология (флора, түрлік құрам, рационы); анималистика; энтомология; өсімдік шаруашылығы; бақ шаруашылығы; мал шаруашылығы; аквапоника; көкөніс шаруашылығы; қоян шаруашылығы; иппотерапия; ветеринария; геология; ландшафтық зерттеу; экологиялық зерттеуші; өнеркәсіптік экология; STEM-лаборатория (зерттеу биологиясы, химия); гидропоника; эко-журналистика; фитопатология)-10 ваучер ұсынылады, бір оқушыға жұмсалатын шығынның орташа құны 15 217 теңге. (ерекше білім беру қажеттіліктерімен - 15 800 тг.)

Гуманитарлық бағыт (тіл курстары)-55 ваучер ұсынылады, бір оқушыға жұмсалатын шығынның орташа құны 15 217 теңге. (ерекше білім беру қажеттіліктерімен - 15 800 тг.)

Көркем-эстетикалық бағыт (керамика, кірпіш жасау ісі; мүсіндеу, скульптура, керамикалық скульптура; кесте тігу; ілмекпен немесе ине арқылы тоқу; тігу, макраме; оригами, қағаздан қолөнер (гүлдер, құстар, жануарлар); кілем тоқу; зергерлік өнер; ағашқа сурет салу; металлға сурет салу; керамикаға сурет салу; теріге көркем өңдеу; металға көркем өңдеу; пирография, ағашқа, теріге, маталарға өртеу; киімге көркем модельдеу, лоскут тігу және тамбур кестесі; ағашқа көркем өңдеу; арт-терапия; киім дизайны; керамика өнері, мүсіндеу)- 65 ваучер ұсынылады, бір оқушыға жұмсалатын шығынның орташа құны 15 217 теңге. (ерекше білім беру қажеттіліктерімен - 15 800 тг.)

Байқауға қатысқысы келетін ұйымдар 18–24 желтоқсан аралығында құжаттарды білім бөлімі канцеляриясының электрондық поштасына shortandy.roo@yandex.kz жіберуі қажет.

Егер құжаттарды электрондық форматта ұсыну мүмкіндігі болмаса, аталмыш құжаттар ұйым тарапынан білім бөлімі канцеляриясына қағаз форматында жолданады:

  1. «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығының 5-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш.
  2. Қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлерді қоспағанда, ұйым жарғысының (ережесінің, құрылтай шартының) көшірмесі;
  3. Ұйым пайдаланатын жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмесі немесе ғимаратты жалға алу шартының көшірмесі;
  4. Балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларының көшірмелері
  5. Белгіленген үлгідегі педагогтардың білім туралы құжаттарының көшірмелері, сәйкес профилі бойынша педагогикалық немесе басқа кәсіби білімі бар және оқушылар мен (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, әдістемелік сүйемелдеу және (немесе) білім беру қызметін ұйымдастыру бойынша педагогикалық қызметпен айналысатын (жұмыс орнынан анықтама, еңбек кітапшасының көшірмесі, педагог пен аталмыш ұйым арасындағы еңбек шарты) құжаттар.
  6. Штаттық кестенің көшірмесі, педагогтардың біліктілік деңгейін растайтын құжаттардың көшірмелері;
  7. Ұйымның жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болса) (жарғыға, құрылтай құжаттарына, келісім-шарттарға сәйкес) немесе ұйымның жұмыс тәжірибесінің жоқтығы туралы хат;
  8. Бейнебақылау камераларының орналасу схемасы, ұйым басшысының қолы мен мөрімен расталған, бейнеархивті кемінде 30 күн сақтау туралы құжат;
  9. Өрт кезінде эвакуация жоспарының схемасы, ұйым басшысының қолы мен мөрімен расталған.
  10.  заңдытұлғанынемесежекекәсіпкердімемлекеттіктіркеу (қайтатіркеу), жылжымайтынмүліккетіркелгенқұқықтар (сақтандыруларды) жәнеоныңтехникалықсипаттамалары;
  11. Санитарлық-эпидемиологиялықжағдайдың "Халықтыңсанитариялық-эпидемиологиялықсаламаттылығысаласындағымемлекеттікқызметтердікөрсетудіңкейбірмәселелерітуралы" ҚазақстанРеспубликасыДенсаулықсақтауминистрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтікқұқықтықактілердімемлекеттіктіркеутізілімінде № 22004 болыптіркелген) қосымшабілім беру ұйымдарындакүндізгі болу ұзақтығытөртсағатжәнеодан да көпболғандабалалардытамақтандырудыұйымдастыру;
  12. Балалардыңқосымшабілімберугемемлекеттікбілім беру тапсырысынорналастыруғақұжаттардытапсырғанғадейінкеміндебір ай бұрынмемлекеттіккірістероргандарындаесепкеалужүргізілетінберешектіңжоқ (болуы) екендігітуралымәліметтер;
  13. Өрткеқарсықауіпсіздікжүйелері;
  14. Нұсқаулыққасәйкестерроризмгеқарсықорғауталаптары.

Көрсетілген құжаттар нөмірленеді, тігіледі, ұйым басшысының қолы қойылады және мөрімен расталады (бар болса) немесе басшының қолымен расталады.

Құжаттарды қабылдау мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Шортанды кенті, 50 жыл Октябрь көшесі, 91, байланыс телефондары: 3-51-71, немесе электрондық форматта shortandy.roo@yandex.kz электрондық поштасы арқылы.

Просмотров: 1131


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст