

Бүгін Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Шахметов Нұркен Нұржанұлы Ақкөл қаласында орналасқан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау орталығына арнайы барып, тәрбиеленушілерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Іссапар барысында бөлім басшысы орталықтың ішкі жағдайымен танысып, балалардың жатын орындарын, асхананың жұмысын көріп шықты. Сондай-ақ тәрбиеленушілердің күнделікті тұрмыс-тіршілігімен танысып, орталықта жасалған жағдайға оң бағасын берді.
Кездесу соңында Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Ақкөл қаласындағы балаларды қолдау орталығының басшысына алғыс білдіріп, ұжымның еңбегін атап өтті. Сонымен қатар орталық қызметкерлеріне алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, балаларға жылы лебізін жеткізді.