13.01.2026
Ағымдағы жылдың 13 қаңтар күні Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында Robotek Grand Tournament облыстық чемпионатының аудандық кезеңі өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты – білім алушылардың робототехникаға қызығушылығын арттыру, инженерлік ойлау қабілеттерін дамыту және техникалық шығармашылықты қолдау.
Чемпионатқа аудан мектептерінен робототехника үйірмелерінің оқушылары 5 категория бойынша қатысып, өздерінің құрастырған роботтарын жарыс талаптарына сай сынақтан өткізді. Қатысушылар берілген тапсырмаларды орындау барысында бағдарламалау, логикалық ойлау және командалық жұмыс дағдыларын көрсетті.
Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар үшін тәжірибе алмасуға және жаңа білім алуға мүмкіндік берді.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар анықталып, облыстық кезеңге жолдама алды.