Текст
19.01.2026


2026 жылғы 13–16 қаңтар аралығында Көкшетау қаласындағы Жоғары техникалық колледждің базасында Ақмола облысының 9–11 сынып оқушылары арасында футзалдан облыстық жарыс өтті. Жарыс «Жастар» спартакиадасы аясындағы Ұлттық мектеп лигасы шеңберінде ұйымдастырылды.
Финалдық ойындарға 8 команда қатысты: Көкшетау қаласы, Қосшы қаласы, Астрахан ауданы, Бурабай ауданы, Сандықтау ауданы, Жақсы ауданы, Целиноград ауданы және Шортанды ауданы.
Жарыс қорытындысы бойынша Шортанды ауданы II орынды иеленді. «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша Зэрэг Нұрислам марапатталды.
Оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз! 🏆⚽