«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балаларға қосымша білім беру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру байқауы

08.05.2026

Шортанды ауданының білім бөлімі балаларға қосымша білім беру бойынша 7 бағыт бойынша 389 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөнінде конкурс жариялайды.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» ММ балаларға қосымша білім беру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды.

Балаларға қосымша білім беру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы келесі бағыттар бойынша орналастырылады:

Әлеуметтік-педагогикалық бағыт
(журналистика, медиаорталықтар, дебат қозғалысы, волонтерлік қозғалыс, кәсіпкерлік негіздері, шешендік өнер, зияткерлік ойындар клубы) – 34 ваучер ұсынылады, бір білім алушыға арналған орташа шығыс құны 15 217 теңге (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін – 15 800 теңге).

Жаратылыстану-математикалық бағыт
(математика курстары) – 55 ваучер ұсынылады, бір білім алушыға арналған орташа шығыс құны 15 217 теңге (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін – 15 800 теңге).

Ғылыми-техникалық бағыт
(бастапқы техникалық модельдеу; авиамодельдеу; автомодельдеу; кеме модельдеу; зымыран модельдеу; робототехника; ғарыштану; 3D модельдеу; компьютерлік графика; машина жасау; ғарыштық радиобайланыс; радиотехника; мотоцикл спорты; модельдеу; ату спорты; инженерлік жобалау негіздері; робототехникалық және мехатрондық жүйелерді инженерлік жобалау негіздері; өнертапқыштық және рационализаторлық; радиоспорт; радиоэлектроника; құрастыру; бағдарламалау; компьютерлік дизайн; кино-бейне шығармашылығы; желкен ісі; электротехника; химиялық-техникалық бағдарламалау; LEGO-құрастыру; спорттық радиомодельдеу; автокөлік ісінің негіздері; сәулеттік модельдеу; сәулет құрылыстарының технологиясы; телестудия; техникалық бағдарламалау; әскери техниканы модельдеу; стендтік модельдеу; шағын су көліктерін модельдеу; аэроғарыштық білім беру және модельдеу; ғарыш ғылымы; рендеринг – физикалық модель проекциясын құру; ұшу-парашют дайындығы; квадроциклдер; қарда жүретін көліктер; ағаш ұсталығы; автослесарь; багги; физика және робототехника; робототехника: құрастыру және бағдарламалау; халық қолөнері; жас құтқарушы; STEAM-зертхана; ЕБҚ бар балаларға арналған құрастыру; киберспорт; ұшқышсыз ұшу аппараттары) – 121 ваучер ұсынылады, бір білім алушыға арналған орташа шығыс құны 15 217 теңге (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін – 15 800 теңге).

Туристік-өлкетану бағыты
(тау туризмі; су туризмі; жаяу туризм; құзға өрмелеу; спорттық бағдарлау; спелеотуризм; велотуризм; шаңғы туризмі; оңалту туризмі; экологиялық туризм; өлкетану; туристік лагерьлер; этнографиялық, ауыл туризмі; ғылыми туризм; гид-экскурсия жүргізушілері; географиялық өлкетану; тарихи өлкетану; экологиялық өлкетану; музейтану; ат туризмі; жас тау құтқарушы; із кесуші-құтқарушы; археология) – 26 ваучер ұсынылады, бір білім алушыға арналған орташа шығыс құны 15 217 теңге (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін – 15 800 теңге).

Экологиялық-биологиялық бағыт
(экология; орнитология; балық шаруашылығы; гүл өсіру; флористика; зоология (өсімдіктер әлемі, түрлік құрамы, қоректену рационы); анималистика; энтомология; өсімдік шаруашылығы; бау-бақша өсіру; мал шаруашылығы; аквапоника; көкөніс шаруашылығы; қоян өсіру; иппотерапия; ветеринария; геология; ландшафттану; эколог-зерттеуші; өндірістік экология; STEM-зертхана (зерттеу биологиясы, химия); гидропоника; эко-журналистика; фитопатология) – 21 ваучер ұсынылады, бір білім алушыға арналған орташа шығыс құны 15 217 теңге (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін – 15 800 теңге).

Гуманитарлық бағыт
(тілдік курстар) – 55 ваучер ұсынылады, бір білім алушыға арналған орташа шығыс құны 15 217 теңге (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін – 15 800 теңге).

Көркем-эстетикалық бағыт
(керамика, қыш өнері; мүсіндеу, мүсін өнері, керамикалық мүсін; кесте тігу; бізбен және ілмекпен тоқу; тігін, макраме; оригами, қағаздан бұйымдар жасау (гүлдер, құстар, жануарлар); кілем тоқу; зергерлік өнер; ағашқа көркем сурет салу; металға көркем сурет салу; керамикаға көркем сурет салу; теріні көркем өңдеу; металды көркем өңдеу; пирография, ағашқа, теріге, матаға өрнек күйдіру; киімді көркем үлгілеу, құрақ тігу және тамбурлы кесте; ағашты көркем өңдеу; арт-терапия; киім дизайны; қыш өнері, мүсіндеу) – 77 ваучер ұсынылады, бір білім алушыға арналған орташа шығыс құны 15 217 теңге (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін – 15 800 теңге).

Балаларға қосымша білім беру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға үміткер ұйымдар  2026 жылғы 8–15 мамыр  аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығының 67-тармағына сәйкес құжаттарды ұйым басшысы қол қойған және мөрмен расталған түрде білім бөлімінің кеңсесінің электрондық поштасына shortandy.roo@yandex.kz  ұсынуы қажет.

Құжаттарды электрондық форматта ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда, ұйым құжаттарды қағаз түрінде мына мекенжай бойынша білім бөлімінің кеңсесіне ұсынады: Шортанды кенті, 50 лет Октября көшесі, 91. Байланыс телефоны: 3-51-71.

Ұйымдар келесі құжаттарды ұсынады:

 1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) заңды тұлға құрмай, қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, Ұйым жарғысының (ережесінің, құрылтай шартының) көшірмесі;

3) Ұйым пайдаланатын жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе ғимаратты жалдау шартының көшірмесі;

4) балаларға арналған қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларының көшірмелері;

5) педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын, белгіленген үлгідегі білім туралы педагогтер құжаттарының көшірмелері;

6) педагогтердің біліктілік деңгейі туралы құжаттардың көшірмелері бар штат кестесінің көшірмесі;

7) Ұйымның жұмыс өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда) (жарғыға сәйкес, құрылтай құжаттарымен, шарттармен) немесе Ұйымның жұмыс тәжірибесінің жоқтығы туралы хат;

8) Ұйым басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған бейнебақылау камераларын орналастыру схемасы;

9) Ұйым басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған және өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органмен келісілген Өрт кезіндегі эвакуациялау жоспарының схемасы.

Просмотров: 284


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст