2026 жылғы 5 маусымдағы №5 хаттамадан үзінді
«Smart Digital School» ЖШС және «Шахнияз» ЖШС құжаттарының балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларының 66-тармағы талаптарына сәйкестігін қарау жөніндегі комиссия отырысының шешімі
«Smart Digital School» ЖШС және «Шахнияз» ЖШС ұсынған құжаттар мен білім беру бағдарламаларын қарау нәтижесінде конкурстық комиссия Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығымен бекітілген Қағидалардың 66-тармағының 4) тармақшасының талаптарына сәйкессіздіктердің бар екенін анықтады.
Осыған байланысты комиссия балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ұйымдар тізбесіне төмендегі ұйымдарды енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдады:
«Smart Digital School» ЖШС;
«Шахнияз» ЖШС, «Үкілі үміт» қосымша білім беру мектебі;
«Шахнияз» ЖШС (Жолымбет кенті, «Үкілі үміт» қосымша білім беру мектебі);
«Шахнияз» ЖШС (Бозайғыр ауылы, «Үкілі үміт» қосымша білім беру мектебі),
өйткені аталған ұйымдар осы Қағидалардың 66-тармағының талаптарына сәйкес келмейді.