Балаларға қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсының қорытындылары
13.07.2026
Комиссияның шешімі:
Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға келесі ұйымдар жіберілсін:
«Шахнияз» ЖШС, «Үкілі Үміт» қосымша білім беру мектебі;
«Smart Digital School» ЖШС.
Мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемі 389 бос орын (ғылыми-техникалық – 121, туристік-өлкетану – 26, экологиялық-биологиялық – 21, көркемдік-эстетикалық – 77, әлеуметтік-педагогикалық – 34, жаратылыстану-математикалық – 55, гуманитарлық – 55) ұйымдардың кадрлық әлеуеті мен мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларының талаптарына сәйкестігін ескере отырып бөлінсін.
«Шахнияз» ЖШС, «Үкілі Үміт» қосымша білім беру мектебіне 261 бос орын көлемінде мемлекеттік білім беру тапсырысы келесі бағыттар бойынша бөлінсін:
ғылыми-техникалық – 94;
туристік-өлкетану – 14;
көркемдік-эстетикалық – 57;
әлеуметтік-педагогикалық – 24;
гуманитарлық – 32;
жаратылыстану-математикалық – 29;
экологиялық-биологиялық – 11.
«Smart Digital School» ЖШС үшін 128 бос орын көлемінде мемлекеттік білім беру тапсырысы келесі бағыттар бойынша бөлінсін:
ғылыми-техникалық – 27;
туристік-өлкетану – 12;
көркемдік-эстетикалық – 20;
әлеуметтік-педагогикалық – 10;
гуманитарлық – 23;
жаратылыстану-математикалық – 26;
экологиялық-биологиялық – 10.
Шортанды ауданының білім бөлімі 2026 жылғы 31 тамызға дейін«Шахнияз» ЖШС және «Smart Digital School» ЖШС ұйымдарымен балаларға қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шарттар жасасын.