Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті

30.10.2026

2026 жылғы 28 қазанда Шортанды ауданында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен «Zerdeli Group» ЖШС бірлесіп ұйымдастырып отырған бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.

 Олимпиаданың мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін шыңдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту және үздік педагогтерді анықтау.

 Білім бәйгесінде Шортанды ауданының педагогтері өздерінің кәсіби білімдері мен біліктіліктерін, логикалық ойлау қабілеттерін және педагогикалық шеберліктерін көрсетіп, 8  педагог облыстық кезеңге жолдама алды. Облыстық кезеңге өткен  ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы сындарда сәттілік, биік белестер мен толағай табыстар тілейміз!

Ұстаз еңбегі – ұлт болашағының алтын тұғыры!

Просмотров: 48


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу