«Үздік бастауыш сынып мұғалімі» облыстық байқауы өтті

10.11.2026

2026 жылғы 23 қазанда Ақмола облысының жалпы орта білім беретін мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» облыстық байқауы өтті. Байқаудың басты мақсаты – озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, мұғалімдердің кәсіби шығармашылығын дамыту, құндылық бағдарларын қалыптастыру және бастауыш сыныптарда білім беру сапасын арттыру.

Шортанды ауданының намысын қорғаған Шортанды кентіндегі №2 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Есмагамбетова Қымбатгүл Тебрановна облыстық байқауда жоғары нәтиже көрсетіп, ІІІ орынға ие болды!  Бұл жетістік – ұстаздың кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісінің, өз ісіне деген жауапкершілігі мен адалдығының жемісі.

 Қымбатгүл Тебрановнаны лайықты жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге шығармашылық шабыт, кәсіби өсу, шәкірттеріңіздің толағай табыстары мен жаңа жеңістер тілейміз!

Просмотров: 9


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу