Ата-аналарға арналған «Отбасы болу өнері: тыңдау, түсіну, қолдау» тақырыбында конференция өткізілді
11.11.2026


2026 жылғы 4 қарашада Ақмола облысы білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» КММ және Ақмола облысы білім басқармасының «Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» ММ жылдық жоспарларына сәйкес Ақмола облысы білім басқармасының «Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Шортанды кентіндегі №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де ата-аналарға арналған «Отбасы болу өнері: тыңдау, түсіну, қолдау» тақырыбында конференция өткізілді.
Конференцияның негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру, тәжірибе алмасу және тәрбиенің тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісу.
Іс-шараға ата-аналар (заңды өкілдер), педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Конференция төрт секциядан: «Қолдау көрсету», «Тыңдай білу», «Түсіну», «Жанында болу» және пленарлық бөлімнен тұрды.
Әр секцияда спикерлер тақырыпқа сәйкес ата-аналарға арналған шеберлік сабақтарын, интерактивті сабақтар мен тренингтер өткізді. Сонымен қатар ата-аналарға бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлінің маңыздылығы туралы түсіндіріп, тиімді тәрбиелік әдістермен бөлісті.