Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арасында
аудандық семинар өтті
2022 жылы 28 ақпан күні «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жолымбет кентінің «Ботакөз» бөбекжайы» МКҚК-нында»
«Балалар –біздің болашағымыз» атты аудандық семинар өтті.
Семинарға ауданымыздың балабақшалары мен шағын орталықтарынан педагог қызметкерлер қатысты.
Семинардың мақсаты келешек ұрпақ иелері бүлдіршіндеріміздің болашағын жарқындау мақсатында жүргізілетін тәрбие мен оқыту жұмыстарының озық тәжірибелерімен бөлісу. Қазіргі уақыт талабына сай МДҰ бағдарламасының мазмұнын игеруде тиімді әдіс тәсілдерді жас мамандармен бөлісіп, педагогтардың өздігінен білім алуына жағдай жасап, жағымды қарым –қатынас орнату.
"Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы-біздің жалпыұлттық міндетіміз", - деді президентіміз Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің биылғы жаңа жылдық үндеуінде.
Бала дегеніміз – болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда. «ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Сонымен қорыта келе, жас ұрпаққа тәлім тәрбие беруді қоғам болып, ұстаздар қауымы болып, ең бастысы ата - аналар болып қолға алсақ болашағымыз жарқын болмақ. Балаларымызды отансүйгіштікке, ата - баба салт - дәстүрін құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу баршаға бірдей міндет.