"Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттар қабылдау"
мемлекеттік қызмет көрсету
Семинары
Шортанды кенті 2022 жыл 12 мамыр
Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі 2022 жылдың 12 мамырда "Педагогтерді аттестатаудан өткізу үшін құжаттар қабылдау "мемлекеттік қызмет бойынша семинар өткізді.
Семинардың мақсаты: мемлекеттік қызметті"Педагогтерді аттесттаудан өткізу үшін құжаттар қабылдау" алу тәртібі мен мүмкіндіктері туралы педагогтерге ақпараттандыру.
Педагогтерді аттестаттау "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бес жылда бір реттен сиретпей, білім беру ұйымдарының басшылары – "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес үш жылда бір рет, білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары – осы Қағидалардың 130-тармағына сәйкес үш жылда бір рет өткізіледі.
Тиісті саланың уәкілетті органдарында, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың білім беруді басқару органдарында (бұдан әрі – аттестаттаушы орган) педагогтерді аттестаттау үшін осы мемлекеттік органдардың бірінші басшысының бұйрығымен мынадай біліктілік санаттары үшін комиссиялар құрылады:
"педагог" – білім беру ұйымдарында;
"педагог-модератор", "үшінші біліктілік санатты басшының орынбасары" немесе "басшы-ұйымдастырушы", "екінші біліктілік санатты басшының орынбасары" немесе "басшы-менеджер", "педагог-модератор" – әдіскерлер үшін – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың білім бөлімі органдарында;
"педагог-сарапшы" және "педагог-зерттеуші", "бірінші біліктілік санатты басшының орынбасары" немесе "басшы-көшбасшы", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" – әдіскерлер үшін – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім беруді басқару органдарында;
"педагог-шебер" – білім беру саласындағы уәкілетті органның жанында.
Педагогтерді аттестаттау жөніндегі комиссияның құрамына кемінде 10 жыл жұмыс өтілі, "педагог-зерттеуші" немесе "педагог-шебер" біліктілік санаттары бар педагогтер, оқу-әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), біліктілікті арттыру ұйымдарының әдіскерлері, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың өкілдері, білім беруді басқару органдарының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандары кіреді.
Білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары мен басшыларының орынбасарларын аттестаттау жөніндегі комиссияның құрамына мемлекеттік органдардың, оның ішінде жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның өкілдері, кәсіподақтардың, үкіметтік емес ұйымдардың, білім беру ұйымдарының алқалы басқару органдарының, қоғамдық кеңестердің өкілдері, сондай-ақ аттестаттаушы органның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері кіреді.
Комиссия мүшелердің тақ санынан және кемінде жеті мүшеден тұрады. Комиссия мүшелері Комиссия отырыстарына алмасу құқығынсыз қатысады.
Комиссия төрағасы мен төрағаның орынбасары Комиссия мүшелерінің арасынан сайланады.
Салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдарының педагогтерін аттестаттауды тиісті саладағы уәкілетті органның Комиссиясы жүзеге асырады.
Конкурстық комиссияның хатшысы Комиссия отырысына материалдарды, қажетті құжаттарды дайындайды, хаттаманы рәсімдейді және оған қол қояды.
. Комиссияның отырысы, егер оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.
. Дауыс беру нәтижелері Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Комиссия отырыстарында аудио- немесе бейнежазба жүргізіледі. Аудио бейнежазба аттестаттау рәсімін өткізген мемлекеттік органда кемінде үш жыл сақталады.
Тиісті деңгейдегі Комиссия аттестатталушының құжаттарын жылына екі рет (тиісінше ағымдағы жылғы 5 мамырға және 5 қарашаға дейін) қарайды.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Білім басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады egov.kz (бұдан әрі – портал)
Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген кезде – 20 минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – 3 (үш) жұмыс күні;
3) көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша емес Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – 7 (жеті) жұмыс күні;
4) портал арқылы – 1 (бір) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут;
2) мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-20 (жиырма) минут.
Қағаз/электронды, жартылай автоматтандырылған түрде
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде педагогтерге біліктілік санатын беру (растау) үшін осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдау туралы қолхат беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Өтініш берушінің (өкілдің) өтініші болмағандықтан мерзімінде берілмеген құжаттар бір ай ішінде мемлекеттік корпорацияда сақталады, осы мерзім өткеннен кейін талап етілмеген ретінде көрсетілетін қызметті берушіге қайтарылады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Портал арқылы жүгінген кезде құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама немесе көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен қол қойылған дәлелді өтінімі одан әрі қарау кезінде бас тарту өтініш берушінің жеке кабинетінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетіледі –тегін.
Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті беруші – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00 –ден 18.30 –ға дейін.
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) (иесіне қайтарылады) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) білімі туралы диплом;
4) қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);
5) жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат;
Мемлекеттік корпорацияға:
1) өтініш;
2) білімі туралы диплом;
3) қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);
4) жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат;
электрондық үкімет веб-порталы арқылы egov.kz:
1) өтініш
2) білімі туралы диплом;
3) қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);
4) жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат;
Білімі және еңбек қызметі туралы деректер электрондық үкімет шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады. Ақпарат болмаған жағдайда өтініш беруші растайтын құжаттарды қоса береді.
Бұл ретте аттестаттаудан өту үшін тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясы ақпараттық жүйе бойынша мынадай деректерді сұратады:
1) Біліктілік санатын беру туралы куәлік және бұйрық (бұрын біліктілік санаты болған адамдар үшін);
2) ұлттық біліктілік тестілеуден өткені туралы құжат және эссе;
3) кәсіби жетістіктерін растайтын құжаттар;
4) "педагог-зерттеуші" немесе "педагог-шебер" біліктілік санатына-тәжірибені жинақтау;
5) бақылау парақтарымен сабақтардың/сабақтардың бейнежазбалары және сабақтарды/сабақтарды талдау (ПМПК педагогтерін қоспағанда);
6) білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі хаттамасынан үзінді.
Ескертпе:
аттестаттау комиссиясы білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификатты және кәсіби жетістіктерін және жинақталуын растайтын құжаттарды білім басқармаларының және ҚР БҒМ-нің (ведомстволық бағынысты ұйымдардың) ресми сайттарында қарайды.
білім алушылардың/тәрбиеленушілердің жетістіктерін растайтын құжаттарды (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерін, ПМПК, ППТК, РО педагогтерін қоспағанда) аттестаттау комиссиясы білім басқармаларының және "Дарын" РҒПО-ның ресми сайттарында білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен республикалық және халықаралық олимпиадалардың, конкурстар мен жарыстардың тізбесіне сәйкес қарайды.