Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы No 122 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру.
2022 жыл 25 тамыз
Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады. Конкурсқа қатысуға Шортанды ауданының аумағында орналасқан мектепке дейінгі жекеменшік ұйымдар өтінім тапсырады.
Мектепке дейінгі ұйымдар меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларында көзделген мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормалары мен қағидаларын сақтай отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөніндегі қызметті көрсетуші жеткізушілердің тізбесіне енгізіледі.
Конкурсқа қатысуға өз қызметінің басталғаны туралы білім беру саласындағы уәкілетті органды хабардар еткен және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға өтініш берген мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.
Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия төрағасының атына жазылған өтініш;
2) заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәліктің көшірмесін, мектепке дейінгі ұйымдардың жарғысын, құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімінен аспайтын банктен берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтама және салық органынан берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтама;
3) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке (жекеменшік немесе жалға алынған) құқықты белгілеуші құжаттардың көшірмесі;
4) "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22004 болып тіркелген) бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі;
5) медициналық кабинетке лицензияның көшірмесі немесе бекітілген орнын ескере отырып, емханамен жасалған қызмет көрсету туралы шарт;
6) Заңға сәйкес тамақтандыруға жұмсалатын ата-аналар төлемақысының белгіленген мөлшерімен, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармаларының, аудандарда, қалаларда орналасқан білім бөлімдерінің жолдамасымен ғана мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы жеткізушінің міндеттемесі. Жеткізуші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелер нысанын толтырады;
7) педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарының көшірмелері.
Осы тармақтың 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйым құрылтайшысының қолтаңбасымен мақұлданады, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.
Егер мектепке дейінгі ұйым жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылған жағдайда құжаттарды мөрмен куәландыру талап етілмейді.
Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар тарапынан мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын санына байланысты ұсыныстар саны артқан жағдайда жеткізушілерді Комиссия қосымша өлшемшарттар бойынша конкурс негізінде таңдап алады
Жеткізушіні конкурс арқылы таңдаудың қосымша өлшемшарттары:
1) жоғары және бірінші санатты тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 10%;
2) тиісті бейіні бойынша кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санынан алғанда кемінде 50%.
Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысуға ниет білдірген барлық тұлғалар 2022 жылғы 16 қыркүйек сағат 10 сағат 00-ге дейінгі мерзімде Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті, 50 лет Октября көшесі, 91 мекен-жайы бойынша орналасқан "Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне толық құжаттарын ұсынады. Конверттерді Ақмола облысы әкімдігінің қаулысымен құрылған комиссия 2022 жылғы 16 қыркүйекте 11 сағат 00 минутта ашады.
Ұсынылған өтініштерді Комиссия өз отырысында 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
Комиссия отырысынан кейін мынадай ақпарат:
1) олардан бас тарту себептерін егжей-тегжейлі сипаттай отырып, оның ішінде құжаттардың осы талаптарға сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесі;
2) алдын ала қарау хаттамасына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдармен ұсынылған түзетілген және толықтырылған құжаттарды қайта қарау мерзімі көрсетілген конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы жасалады, оған Комиссияның төрағасы мен Комиссия мүшелері қол қояды.
Комиссияның алдын ала рұқсат беру туралы шешімін Комиссияның хатшысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің интернет-ресурсында орналастырады.
Әлеуетті жеткізушілер алдын ала рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде алдын ала рұқсат беру хаттамасы бойынша құжаттарды сәйкес келтіреді.
Комиссия конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының тізбесінде көрсетілген мектепке дейінгі ұйымдардың конкурсқа қатысуға өтініштерін қоса берілген құжаттармен бірге олар келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сәйкес келтірудің толықтығы тұрғысынан қайта қарайды.
Комиссия орындар санын көрсете отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізу туралы шешім шығарады.
Комиссияның мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін орындардың барынша мүмкін саны көрсетілілген шешімі отырыс күнінен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде хаттама түрінде ресімделеді.
Комиссия мынадай шешімдердің біреуін шығарады:
1) жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізу туралы шешім;
2) осы Қағидалардың 18 және 19-тармақтарына сәйкес келмеген жағдайда жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізуден бас тарту туралы шешім.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурстарында жарияланады.
«Ақмола облысы білім басқармасының
Шортанды ауданы бойынша білім
бөлімі» ММ басшысы