«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтер көрсетеді
1. «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірі № 158 Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы
«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушы) «электрондық үкіметтің » веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы осы Қағидаларға 1 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі- ЭЦҚ) қойылған немесе бір рет пайдаланатын құпия сөзбен куәландырылған, көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абонентік нөмірі порталдың есеп жазбасына тіркелген және қосылған кезде өтініш береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап -10(он) жұмыс күн;
2) құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 20 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 30 минут.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (толық автоматтандырылған)
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – қорғаншылық және қамқоршылық туралы анықтама не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарының 9-тармағында көзделген жағдайлардажәне негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Порталда мемлекеттік кызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі және сақталды.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі: Белгіленген нысандағы өтініш.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар: Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондайақ «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ақпараттандыру мақсатында «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сайтында электрондық мекен –жайы: shortandy_roo@mail.ru және ақпараттық стендтерде, әлеуметтік желілірде жарияланады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөнінде сұрақтарыңыз болса мына телефонға: 3-51-70 хабарласуларыңызға болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі:
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін
қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесі бойынша демалыс және
мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі- жұма аралығында сағат 13.00 –
ден 14.00 –ге дейін түскі үзіліспен сағат 09.00- ден 18.00 –ге дейін
жүргізіледі.