Ақмола облысы бойынша балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ұйымдар тізбесіне енгізу жөніндегі комиссияның отырысының № 2 хаттамасы
Шортанды кенті 2023 жылғы 17 сәуір
Сағ 15:00
Ш.Х. Ахметова - комиссия төрайымы, Шортанды ауданы
бойынша білім бөлімінің басшысы
А.Б. Мирзадилова - комиссия хатшысы, тәрбие жөніндегі
әдіскер
Комиссия мүшелері: қоса беріліп отырған тізім бойынша күндізгі форматта комиссия мүшелері:
Хаверко Татьяна Сергеевна - білім қызметкерлері кәсіподағы
кеңесінің төрағасы
Мажинова Алтын Манарбекқызы - бас маман
Хапур Айнагүл - әдістемелік кабинет меңгерушісі
Авдхадыр Айбек - мониторинг бойынша әдіскер
Төлегенова Гүлжайнат
Қадырбайқызы - қорғаншылық және қамқоршылық
жөніндегі әдіскер
Құсайынова Ғалия Әнуарбекқызы - кадр бөлімінің әдіскері
Қатыспағандар: -
1. Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ұйымдардың тізбесін қалыптастыру.
Конкурстық комиссия хаттамасының негізінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ұйымдардың тізбесіне екі ұйымның құжаттарын енгізсін.
1. ЖШС «Dimar Group»;
2. ЖШС «Шахнияз»
Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ұйымдарды іріктеу критерийлері |
ЖШС «Dimar Group»
|
ЖШС «Шахнияз»
|
1 Балаларға қосымша білім берудің іске асырылатын бағдарламаларын көрсете отырып ҰБДҚ ақпараттық жүйесінде тіркеу; |
Бар |
Бар |
2. Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің көшірмесінің болуы, ұйымның жарғысы (Ереже, құрылтай шарты) |
Бар |
Бар |
3. Ұйымның ғимаратының/үй-жайларының сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы |
Хабарлама бар, қоса берілген |
Хабарлама бар, қоса берілген |
4. Рұқсат беру және хабарламалар туралы Заңға сәйкес эпидемиялық маңызы шамалы объектінің қызметін (пайдалануын) бастау және тоқтату туралы; |
Бар |
Бар |
5. Салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы туралы мәліметтердің болуы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшерде, құжаттарды тапсырғанға дейінгі бір ай мерзімнен ерте емес күнмен |
Бар |
Бар |
6. Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесінің не ұйым үшін пайдаланылатын жалдау шартының көшірмесінің болуы |
Бар |
Бар |
7. "Білім туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 3-тармағына сәйкес ұйымдар үшін балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларының көшірмелерінің болуы. Білім беру бағдарламасының мазмұны мақсаттар мен міндеттерді, оқу мерзімдерін, мазмұнын, меңгеру үшін білім, білік, дағдылар мен құзыреттілік көлемін, оқытудың күтілетін нәтижелерін, мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу құралдарын қамтиды. |
2 білім беру бағдарламалары сәйкес келеді : 1. Өлкетану 2. Пікірсайыс қозғалысы |
14 білім беру бағдарламасы сәйкес келеді: 1.пікірсайыс қозғалысы 2.еріктілер қозғалысы 3. шешендік өнер 4. радиоэлектроника 5. робототехника 6. халық қолөнері 7. ғарыш ғылымы 8. керамика 9. кесте 10. тоқу 11. Арт терапия 12. зергерлік өнер 13. көрпе тігу 14. қазақ тілі |
8. Педагогтердің педагогикалық немесе кәсіптік білімі, біліктілік деңгейі туралы құжаттарының көшірмелерінің болуы |
Бар |
Бар |
9. Ұйымның жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелерінің болуы (болған жағдайда)) (Жарғыға сәйкес, құрылтай құжаттарымен, шарттармен) немесе ұйымның жұмыс тәжірибесінің жоқтығы туралы хат |
Бар |
Бар |
10. Жоғары және бірінші санатты педагогтердің, сарапшылардың, зерттеушілердің, шеберлердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 10 пайызды құрайды. |
66,6% |
71,4% |
Шешім: Шортанды ауданы бойынша балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ұйымдардың тізбесіне қосу - 2 Ұйым:
1. "Dimar Group" ЖШС Жолымбет кенті - 26 орын: өлкетану – 14; әлеуметтік - педагогикалық -12.
2. "Шахнияз" ЖШС Шортанды кенті – 329 орын: Көркем - эстетикалық - 69; әлеуметтік - педагогикалық – 24; гуманитарлық-58; ғылыми – техникалық-109, экологиялық – биологиялық-11, жаратылыстану – математикалық-58.
Комиссия төрағасы Ш. Х. Ахметова
Комиссия мүшелері:
Хаверко Т. С.
Мәжинова А. М.
Хапур А.
Авдхадыр А.
Төлегенова Г. К.
Құсайынова Г. А.
Комиссия хатшысы А. Мырзадилова