24.05.2023
«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» ММ келесі мемлекеттік қызметтер көрсетеді:
1. «Он жасқа толған баланың пiкiрiн ескеру туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органының шешімін беру» Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірі № 158 Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы
2. «Он жасқа толған баланың пiкiрiн ескеру туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органының шешімін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушы) «электрондық үкіметтің » веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы осы Қағидаларға 1 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі- ЭЦҚ) қойылған немесе бір рет пайдаланатын құпия сөзбен куәландырылған, көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абонентік нөмірі порталдың есеп жазбасына тіркелген және қосылған кезде өтініш береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап -10(он) жұмыс күн;
2) құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 20 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 30 минут.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (толық автоматтандырылған)
3. Көрсетілетін қызметті алушыға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
- Өтініш.
- Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет).
- Жұбайының (зайыбының) нотариалдық келісімі не баланың (балалардың) бөлек тұратын заңды өкілінің келісімі.
- "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда (бұдан әрі - АХАЖ АЖ) не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған жағдайда некеге тұру туралы куәліктің көшірмесі, "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша ата-анасының біреуінің балаға қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі: қайтыс болуы туралы куәлік, ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру, олардың ата-ана құқықтарын шектеу, ата-аналарды хабарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, туу туралы анықтама және т. б.;
- АХАЖ АЖ-да мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар: Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондайақ «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ақпараттандыру мақсатында «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сайтында электрондық мекен –жайы: shortandy_roo@mail.ru және ақпараттық стендтерде, әлеуметтік желілірде жарияланады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөнінде сұрақтарыңыз болса мына телефонға: 3-51-70 хабарласуларыңызға болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін
қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесі бойынша демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі- жұма аралығында сағат 13.00–
ден 14.00 –ге дейін түскі үзіліспен сағат 09.00- ден 18.00 –ге дейін жүргізіледі.