ХАБАРЛАНДЫРУ
«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына енгізілген өзгерістерге сәйкес «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» ММ жаңа құрамsның қалыптасуын ведомстволық бағынысты ұйымдарының Қамқоршылық кеңестерінің құрамы бойынша ұсынысты қабылдау туралы хабарлайды.
Осыған байланысты, Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдерін, коммерциялық емес және үкіметтік емес ұйымдардың бір-бірімен және ұйым директорымен тығыз қарым-қатынаста емес өкілдерін келесі білім беру ұйымдарының жаңа қамқоршылық кеңестерінің құрамына кіруге шақырады:
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:
1) өтініш (еркін нысанда);
2) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.
Ұсыныстарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен кейін күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде жүзеге асырылады.