2023 жылдың 18 қыркүйек күні Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебінің негізінде Республикалық Президенттік олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді. Жаратылыстану –ғылыми пәндерге аса қабілетті, дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау және дамытуды қамтамасыз ету, дарынды және талантты оқушыларды анықтау үшін, олардың кейінгі интеллектуалды даму мен кәсіби бағдарлауына қолайлы жағдай жасау дарынды балаларды алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік жоғары оқу оқуды жалғастыру үшін дайындау жолымен үздіксіз білім беру идеяларын іске асыру мақсатында өткен олимпиадаға қатысушыларды аудандық білім бөлімінің басшысы Ахметова Шолпан Хасеновна сәттілік тілеп құттықтады.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы математика, физика, химия, биология пәндерінен өткізілген олимпиадаға Шортанды кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебі, Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебі, Шортанды кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебінің , Дамса ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің, Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектептерінің 11 сынып оқушыларының «Алтын белгі» мен «Үздік аттестатқа» үміткер оқушылары қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған Шортанды №2 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары Землянко Дина Андреевна, Муратова Юлия Сергеевна, Полухина Злата Александровна, Купайло Андрей Вячеславовичтар қатысуға жолдама алды. Облыстық кезеңге қатысушы оқушыларымызға сәттілік!