«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

8-11 сынып оқушылары арасында «Ақберен» республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті

28.09.2023

       

         

   

                                 2023 жылдың 27 қыркүйек күні 8-11 сынып оқушылары арасында «Ақберен» республикалық байқауының аудандық кезеңі өткізілді. 

Байқаудың негізгі мақсаты мен міндеттері: 8-11 сыныптар арасындағы оқушылардың гуманитарлық – эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқыр талантын, дарындылығын ашу, олардың әмбебаптық қабілеттеріне баса ден қою (ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау, т.б.) шығармашылық қабілеттерін айқындау болып табылады.  Байқауға  аудан мектептерінен барлығы 34 оқушы қатысты.

«Ақберен» республикалық байқауы  6 номинацияны қамтыды: 

1. «Шешендік, білгірлік сайысы» номинациясы.

2. «Көркемсөз оқу»

3. «Эссе жазу»

4. «Ұлттық аспапта өнер көрсету»

5. «Ақындар айтысы» 

6. «Ақындар мүшәйрасы»

Байқау нәтижесінде 6 номинация бойынша төмендегі оқушылар аудандық білім бөлімінің басшысының І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен және қатысқаны үшін алғыс хатымен марапатталды.  Байқаудан жүлделі орындарға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алған - Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің  оқушылары Малшыбай Күнсұлу, Нұрлан Аяулым,  Бахитбек Назым, Новокубанка  ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Болатбек Жанбота, Новоселовка аулының жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Серікбол Айдарлар облыстық кезеңге қатысу үшін жолдама алды. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз және байқауға қатысып, жүлделі орындарға ие болған барлық оқушыларымызды құттықтаймыз.

 

Просмотров: 3490


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст