«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тегін тамақ

30.10.2023

    Ақмола облысы әкімінің 2023 жылдың 23 маусымындағы “Ақмола облысы мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тамақтандыру үшін шығындарды өтеу туралы”  А-7/249 Қаулысына сәйкес үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған Ақмола облысының мектепке дейінгі ұйымдарында, тәрбиеленушілердің келесі жекелеген санаттары тегін тамақтандырыла бастады. Нақты айтар болсақ, аталған Қаулы негізінде:

- атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;

- сондай-ақ, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен ең төмен отбасылардан шыққан балаларға;

- көп балалы отбасылардан шыққан балаларға тамақтандыру үшін шығындар толық көлемде тегін жүргізіле бастады.

      Айта кету керек, қазрігі таңда аталған Қаулы негізінде Шортанды ауданы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың 200-ден аса тәрбиеленушісі тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған көмекті жоғарыда аталған үш санаттағы отбасылардың барлығы да қолдана алатындығын тағы бір ескерткіміз келеді. Егер, Сіз аталған үш санаттың біріне жататын болсаңыз, өз балаңыз баратын балабақша немесе шағын орталық меңгерушісінің атына өтініш жазып, тиісті құжаттарды тапсыру арқылы аталған көмекке қол жеткізе аласыз.

Просмотров: 3226


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст