«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Хабарландыру!

16.01.2024

Хабарландыру!

     Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы  № 381 бұйрығына сәйкес "Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі" ММ «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес қосымша білім беру органдарын мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурстың кезенің  жариялайды.

Қосымша білім беру мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға арналған конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:

Жобаға қатысқысы келетін ұйымдар ағымдағы жылдың 22 қаңтарға дейін (қоса алғанда) білім бөліміне (аумағы бойынша) келесі құжаттарды тапсыруы қажет:

  1. Қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия төрағасының атына өтініш (қосымша 1);
  2. «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесіне нысан бойынша енгізу туралы комиссия төрағасының атына өтініш (қосымша 2);
  3. нысан бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру жоспарланған үйірмелер мен секциялар туралы ақпарат (қосымша 3);
  4. Ұйымның жарғысы (Ереже, құрылтай шарты);
  5. жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе ұйым пайдаланатын жалға алу шартының көшірмесі;
  6. балаларға арналған қосымша білімнің білім беру бағдарламалары;
  7. педагогтердің педагогикалық немесе кәсіптік білімі туралы құжаттарының көшірмесі;
  8. педагогтердің біліктілік деңгейі туралы нысан бойынша мәліметтер, сондай-ақ педагогтің біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлігі қоса беріледі (қосымша 4);
  9. Ұйымның жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың (бар болса) (жарғыға, құрылтай құжаттарына, келісім шартқа сәйкес) көшірмелерінің немесе Ұйымның тәжірибесінің жоқтығы туралы хаттың болуы.

10) Ұйым басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған бейне бақылау камераларын орналастыру схемасы;

Аталған құжаттар нөмірленеді, тігіледі, ұйым басшысы қол қояды, мөрмен (бар болса) немесе басшының қолымен расталады.

Нысандар қоса беріледі.

Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы қосымша білім берудің мынадай білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады:

1. Туризм және өлкетану бағыты (тау туризмі; су туризмі; жорық; жартасқа өрмелеу; бағдарлау; үңгір туризмі; велоспорт туризмі; шаңғы туризмі; сауықтыру туризмі; экологиялық туризм; өлкетану; туристік лагерьлер; этнографиялық, ауылдық туризм; ғылыми туризм; тур гидтер, географиялық өлкетану, тарихи өлкетану, экологиялық өлкетану, мұражайтану, ат туризмі, жас тау құтқарушы, жол іздеуші-құтқарушы, археология); 14 орын

2. Әлеуметтік-педагогикалық бағыт (журналистика, медиа орталықтар; пікірсайыс қозғалысы; еріктілер қозғалысы; кәсіпкерлік негіздері; шешендік өнер); 12 орын

Құжаттарды қабылдау 16.01.2024 жылдан бастап 22.01.2024 жылға дейін, Шортанды кенті, 50 лет Октября көшесі 91, 2 қабат мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.

Просмотров: 3594


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст