«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

“Функционалық сауаттылық тапсырмаларын пән мазмұнына кіріктіру” тақырыбында аудандық семинар өтті

29.01.2024

        Ағымдағы жылдың 26 қаңтар күні аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жоспарының сәйкес Жолымбет кентінің № 2 жалпы орта білім беретін мектебінде “Функционалық сауаттылық тапсырмаларын пән мазмұнына кіріктіру” тақырыбында аудандық семинар өтті.

       Семинарға аудан мектептерінен 30-ға тарта мұғалімдер қатысты. Бастауыш сынып мұғалімі Икарқызы Қымбат, биология пәні  мұғалімі Ғазез Бақытты Серікқызы, математика пәні мұғалімі Хомыт Айгул, бастауыш сынып мұғалімі Кажымухан Алтынгул, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жантаева Мейрамгуль Саркыткалиневна, тарих пәні мұғалімі Жанарбекқызы Елес ашық сабақтар беріп, семинарға қатысқан мұғалімдермен өз тәжірибелерімен бөлісіп, бастауыш сынып мұғалімі  Бергенбай Майгул «Жаңартылған әдіс-тәсілдерді сабақта тиімді қолданып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында шеберлік сынып көрсетті, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі  Канафина Жанерке Сейденқызы «Білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайындағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында коучинг өткізді. Мектеп психологі Кучуков Айдар Сакенұлы «Өз құндылықтарымызды бағалай білейік» атты тренинг өткізіп, заманауи әдіс-тәсілдермен бөлісті. Семинар соңында кері байланыс жасалып, педагогтармен пікір алмасып, мұғалімдерге білім бөлімі басшысының сертификаттары табыс етілді.

Просмотров: 2801


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст