«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Абай оқулары

05.04.2024

     2024 жылдың 4 сәуірі күні 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Абай оқуы» мен «І.Есенберлин оқуы»  байқауының аудандық кезеңі Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің негізінде өткізілді.

     Мектеп оқушылары арасында Абай мен Шәкәрім және І.Есенберлин  шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру мақсатында өткен байқауға   аудан мектептерінен 30  оқушы қатысты.

    «Абай  оқуынан облыстық кезеңіне қатысуға жолдама алған  Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары Бақытбек Аружан, Дамас Аяулым, Сулейменова Айша, Мейрамхан Наурыз және  І.Есенберлин оқуы байқауынан Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Амантай Лашын .  Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!

Просмотров: 643

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст