Текст
Желтоқсанның 9 күні Астана қаласында «Жас дарын» II-ші Республикалық конкурсы өтті. Конкурсқа ауданымыздың Балалар шығармашылық үйінің тәрбиеленушісі Құрмет Айару қатысып жүлделі 1-ші орынға ие болды. Алты жастағы Айару Шортанды №3 қазақ орта мектебінің 0 сыныбында оқиды. Бүлдіршініміз керемет табиғи дауыс иесі. Жарыста вокалды-техникалық жағынан күрделі, белгілі бір дағды мен білікті талап ететін әндердің бірі «Ақ көгершінді» орындады. Айару бұл әнді керемет орындап шықты. «Талабыңа нұр жаусын!»-дейміз.