2017 жылдың 13-15 қазан күндері Бурабай ауданы, Щучинск қаласы экология және орман шаруашылық колледжінің базасында «Рухани жаңғыру» жобасын іске асыру шеңберінде, азаматтық жауапкершілігі мен патриотизм сезімін дамытуға ықпал ететін практикалық
қызметінің жүйесінде өз өлкенің табиғи мұрасын сақтау мен зерртеу балалар мен жасөспірімдердің экологиялық мәдениетін тәрбиелеу бойынша білім беру ұйымдарының белсендіру мақсатында Жас өлкетанушылар, экологтар және натуралистердің VIII ашық облыстық форумы өткізілді. Шортанды ауданынан Форумға Бектау орта мектебінің оқушылары қатысып, «Ландшафт дизайны» номинациясында ІІ-ші орынды, ал «Жас өлкетанушылар» номинациясында ІІІ-ші орынға ие болды. Сонымен қатар, жас өлкетанушылар, экологтар мен натуралистерінің VIII ашық облыстық Форумына белсенді қатысқаны үшін Бектау орта мектебі және команда жетекшісі Тулебаева Айман Темирхановна Ақмола облыстық білім басқармасы басшысының грамоталарымен марапатталды.
Форумның «Қазақстан – менің елім» тақырыбы - «Рухани жаңғыру» бағдарламасының концептуалды негіздерінің өлкетану зерттеулері және практикалық жұмысының даму деңгейін арттыру мақсаттарына жетуге бағытталған. Өйткені өлкетану жұмысы азаматшылдықты және отансүйгіштікті, адамгершілік құндылықтарды, өз елі және өз халқы үшін мақтанышты қалыптастырудың маңызды факторы болып табылады. Ұлттық тарихы мен мәдениетін зерттеу ғана емес, сондай-ақ мәдени мұраны сақтап, еселеп арттыруға көмектеседі.