Текст
Тамыздың 1-нен бастап «Мектепке жол» республикалық акциясы басталып, 30-шы қыркүйекке дейін жалғасады. Акцияныңмақсаты – аз қамтылған отбасылардан шыққан, жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды оқужылына дайындау болып табылады. 9 жылдың ішінде акция аясында 500 –денастамбалаға 4 млн. теңгеден астам қайырымдылық көмек көрсетілген болатын.
Көмекке мұқтаж және ондай жандарға қолұшын бергісі келетіндер үшін Шортанды ауданының «Білім беру бөлімі» ММ «жеделжелі» телефон байланысын ұйымдастырған 8(716-31)35174, 8(716-31)35168 Акция шеңберінде сонымен қатар қайырымдылық шаралары, мектеп жәрмеңкелері өткізіліп, аз қамтылған отбасындағы балалар үшін қажетті мектеп жабдықтары мен киім-кешектер қабылдау бекеттері ашылады.