«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЭКСПО-2017 оқушы көзімен...

16.06.2017

ЭКСПО-2017 оқушы көзімен...

 

Маусым айының 12-нен бастап Шортанды ауданының оқушылары елордамыз Астанада өтіп жатқан "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауды бастады.

Оқушылар қызығушылығы былай тұрсын, əлем жұрты назарын салып жатқан бұл көрме үлкен тарих. ЭКСПО көрмелері өз тарихында атаулы жаңалықтармен қалғаны да белгілі. Оған мысал: өткен ғасырлардағы көрмеден кейін өнер, ғылым, техниканың жаңа белестерге көтерілуі жəне қарыштап дамуы.

Оқушылардың ерекше көңілін аударған дүние 25 гектарлық алаңдарды алып жатқан павильондар болды. Əр

ұлттың мəдениетінен, дəстүр салтынан көрініс беретін тарту еді. Оқушылардың ЭКСПО-2017  қалашығын тамашалауы өз іштерінде үлкен рухани сілкініс жасауы да мүмкін. Себебі, Астана қаласы қазір туристер мен əр ұлт өкілдерінен болған қонақтардың, журналистер мен əлем алдында беделді тұлғалардың бас қосқан ортасы болып отыр. Жастар ЭКСПО 2017 көрмесін тамашалап қана қоймай, онан өзіне жаңалық тауып, болашағына бағдар алып жатса  құба құп. Техника мен ғылымның дамыған уақытында ұсынылып отырған "Болашақ энергиясы" тақырыбы да жастарды ойландыруы керек. Көрмеге барған оқушылар көрмені тамашалап қана қайтпай, осы жағынан да мағлұмат алды. Сарқылмайтын күн қуаты, жел мен судан алынатын қуат кейінгі  буынның үлесінде қалатын табыс қой. Оқушыларды алып барарда толғандырған мəселе де осы еді. Оқушылардың көрмені тамашалауға деген ынтасы өте жоғары екені көрініп тұрды. Өзге ұлт өкілдерімен бір сəт тілдесіп, ғылымның жаңа жетістігі деп əкелініп отырған энергия саласындағы техникалар да оқушы балалардың естерінде қаларлық. Алдағы үлкен өмірлерінде өздері де жаңалық тапсақ деген үміттері қылаң беріп, балалық армандары асқақтай түскенде қуаныпта қалдық.

  Қыркүйек айының онына дейін жалғасатын көрменің қызығы əлі алда болар. Көрменің ашылу салтанатының өзі оқушылар үшін керемет ертегі іспетті əсер қалдырды. Қорыта айтқанда, оқушы балалар еңсесін тік ұстап өз елімен мақтанды. Əлем алдындағы ұлтымыздың, еліміздің абыройын сезініп бойларында еліне деген сүйіспеншілігі арта түсті. Елінің атын əлемге танытар ұрпақ осындай жобадан, тəрбиеден басталса керек.

Просмотров: 675


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст