Бектау орта мектебінде өткізілген аудандық семинар
2017 жылдың 19 қаңтарында «Педагогикалық оқу процессінде 7 модульдық оқу бағдарламасын іске асыру» білім сапасының инновациялық процесстерге әсер ету және мұғалімдер арасындағы ұжымдық жұмыстың тиімділігін дамыту мақсатында аудындық семинар өткізілді. Семинарға 50-ден астам мұғалім қатысты
Семинардың бағдарламасында екінші деңгейліі мұғалім Бродинская Светлана Валериевна және бірінші деңгейлі математика пәні мұғалімі Турганбай Алтынгул коучинг тәсілімен тренинг өткізді:
1) «Сущностная характеристика Критического мышления»;
2) «Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқу үрдісіндегі білім сапасын арттыру».
Осы бағдарламалар бойынша пән мұғалімдерінің ашық сабақтары өткізілді:
1) Коучинг тәсілімен өткізілетін тренинг
«Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқу үрдісіндегі білім сапасын арттыру»
2) География пәнінен үшінші деңгейлі мұғалім Кап Нұрболаттың ашық сабағы
«Өзендер», 6 сынып
3) Ағылшын пәнінен үшінші деңгейлі Нуртазина Г. Б. ашық сабағы: «Ұлыбритания», 7 сынып.
4) Қазақ әдебиет пәнінің мұғалімі Рымбай Арманның ашық сабағы
«С. Мұқановтың «Саятшы Ораз»», 7 сынып
5) Өзін-өзі тану пәнінен үшінші деңгейлі мұғалім Мүтан Б. рефлексия «Қазіргі заманғы мектептегі мұғалімнің рухани-адамгершілік құндылықтары.
Семинардың қорытындысы бойынша АББ әдіскері Хапур А.,деңгейлік оқыған мұғалімдердің жетекшісі Кабиева Ж. Д. – бірінші деңгейлі физика пәнінің мұғалімі, Жолымбет №2 орта мектебінің мұғалімдері Мухит Ш. С. және Гончаренко Е., Жолымбет №1 орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі семинарды өткізу туралы өз ойын білдірді.