НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР, КОНКУРС!
Шортанды ауданы « Білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі бос лауазым орынға ашық конкурс жариялайды:
1. Шортанды ауданының білім бөлімінің «Жолымбет № 2 орта мектебі »мемлекеттік мекемесінің директоры, Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Жолымбет кенті Валиханова көшесі, 31 мекен жайында орналасқан. Лауазымына, қызметтік жалақысы еңбектегі өтіліне қарай 97997 теңгеден 118791 теңгеге дейін.
2.Шортанды ауданының білім бөлімінің «Степная орта мектебі »мемлекеттік мекемесінің директоры, Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Степной ауылы Сарыарқа көшесі, 2 мекен жайында орналасқан. Лауазымына, қызметтік жалақысы еңбектегі өтіліне қарай 97997 теңгеден 118791 теңгеге дейін.
3.Шортанды ауданының білім бөлімінің «Петровка орта мектебі »мемлекеттік мекемесінің директоры, Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Петровка ауыла, Курмангазы көшесі, 17 б, мекен жайында орналасқан. Лауазымына, қызметтік жалақысы еңбектегі өтіліне қарай 97997 теңгеден 118791 теңгеге дейін.
4.Шортанды ауданының білім бөлімінің «Октябрьская негізгі мектебі» мемлекеттік мекемесінің директоры, Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Октябрьское ауыла, Жастар көшесі, 4, мекен жайында орналасқан. Лауазымына, қызметтік жалақысы еңбектегі өтіліне қарай 97997 теңгеден 118791 теңгеге дейін.
5.Шортанды ауданының білім бөлімінің «Балалар музыкалық мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорының директоры, Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Научный кенті Юбилейная көшесі, 11 мекен жайында орналасқан. Лауазымына, қызметтік жалақысы еңбектегі өтіліне қарай 97997 теңгеден 118791 теңгеге дейін.
6.Шортанды ауданының білім бөлімінің «Айгөлек» балабақша мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорының меңгерушісі, Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Петровка ауыла, Жамбыл көшесі,20, мекен жайында орналасқан. Лауазымына, қызметтік жалақысы еңбектегі өтіліне қарай 97997 теңгеден 118791 теңгеге дейін.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:
Шағын жинақты мектептер үшін: педагогикалық жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы соңғы екі жылда педагогикалық жұмыс өтілі;
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар қажет:
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;
6) алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;
11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);
12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады және мөрмен куәландырылады.
Көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.
Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.
Конкурс төрт кезеңде өткізіледі:
1) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;
2) мектептің қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес) кандидаттарды келісу;
3) облыстың (республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда) білім беруді басқару органдарымен кандидаттарды келісу;
4) білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.
Конкурсқа қажетті құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарында, аудандық басылымдарда конкурс туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде мына мекенжайға жіберілуі тиіс:
021600, Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті, Безымянный қиылысы 1 «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (Халыққа қызмет көрсету орталығы). Анықтама телефондары : 3-51-71.