2020 жылдың 23 қарашасы күні 5-6 сынып оқушылары арасында қашықтықтан Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Олимпиадағы жалпы білім беретін мектептерден 168 оқушы қатысты. Олимпиаданың негізгі мақсатттары мен міндеттері жалпы білім мекемелері білім алушыларының шағырмашылық қабілеттерін және танымдық қызметке қызығушылығын анықтау және дамыту, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайларды жасау, сондай - ақ ғылыми білімді насихаттау. Олимпиада жылпы білім беретін бағдарламалар негізінде 5-6 сыныптар үшін математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиет, орыс тілі мен әдебиет, ағылшын тілі, Қазастан тарихы пәндері бойынша өткізілді. Әр пәннен ең жоғарғы ұпай жинаған 12 оқушы облыстық олимпиадаға қатысуға жолдама алды. Оқушыларымызға сәттілік!