2020 жылдың 5-13 қараша аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушылары арасында қашықтықтан өткен ғылыми жобалар облыстық байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты мен міндеттері: оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру;
Облыста өткен байқауға ауданық кезеңнен үздік деп іріктеуден өтіп, облыстық кезеңге қатысуға жолдама алып, қатысқан 5 оқушының жобасынан 4 оқушы орын алды. Шортанды №3 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Бектас Ақжол, Раевка орта мектебінің 10 сынып оқушысы Саусканова Аягоз, Новокубанка орта мектебінің 9 сынып оқушысы Лукьянова Ксения, 11 сынып оқушысы Товстая Вероника, Степной орта мектебінің 8 сынып оқушысы Малчыбай Айсұлулардың ғылыми жобалары ІІІ орындарға ие болды. Жетістіктеріңіз құтты болсын! Ауданымыздың атын биіктен көрсететін осындай жетістіктеріміз көп болсын.