«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім беру ұйымдарының педагог-психологтері, психологиялық қолдау орталықтарының әдіскер-психологтарының қатысуымен республикалық семинар өтті

21.10.2025

    

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ағымдағы жылдың 17-20 қазан аралығында Астана қаласы №107 орта мектеп базасында «Білім беру ұйымдарында білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді дамыту үрдістері мен перспективалары» тақырыбында  білім беру ұйымдарының педагог-психологтері, психологиялық қолдау орталықтарының әдіскер-психологтарының қатысуымен республикалық семинар өткізді.

      Семинардың мақсаты білім алушыларды білім беру ортасында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді дамытудың қазіргі тенденциялары мен перспективаларын бақылау, тәжірибе алмасу және білім алушыларды қолдау дамытудың тиімді тәжірибелерін айқындау болып табылады.

      Семинарда «Үздік жыл психологы» республикалық конкурсы жеңімпаздарының үздік авторлық бағдарламалары, отандық психологиялық әдістемелер мен қазақстандықпопуляцияға бейімделген шетелдік әдістемелермен танысу, аймақтық психологиялық қызметтің жұмыс тәжірибесімен танысу қарастырылды.

      Семинарға Ақмола облысынан Атбасар, Жақсы және Шортанды аудандарының педагог-психологтары қатысты.

      Семинар аясында «Олимп шыңы» психология пәнінен республикалық олимпиада өткізілді. Аталмыш олимпиадаға қатысқан Пригородное жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы Ли Марина Алексеевна III дәрежелі Дипломмен марапатталса, Бектау жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы Тулебаева Айман Темирхановна  Грамотаға ие болды.

     Республикалық семинардың пәндік олимпиадасында ерекше жетістіктерге жеткен әріптестерімізді құттықтаймыз!

Просмотров: 39


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст